Халықаралық туризм күніне орай БҚО-ның балалар туризмінің дамуына орасан зор үлес қосқан, көптеген маманның жадында ұстаз болып қала беретін Виктор Павлович Фоминнің бюст-ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, облыстық білім басқармасының басшылығы, әріптестері, ардагерлер, В.П.Фоминнің әпкесі, әйелі мен балалары қатысты.

Ол – жаңашыл педагог, өз ісіне риясыз берілген тұлға, Орал өңіріндегі балалар туризмінің дамуы мен өркендеуіне жан -тәнімен берілген және 30 жылдан астам облыстық балалар туризмі мен экология орталығында жұмыс жасаған. Оның құрметіне бюсттің ашылуы – Виктор Павлович Фоминге тағы да құрмет көрсетуге және ризашылығын білдіруге мүмкіндік деп білеміз.