30 тамызда Қазақстан халқы маңызды мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін тойлайды.

Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді кепілдігі, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтайды және Сіздерге денсаулық, бірлік, татулық, бақыт және сәттілік тілейді. Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын!