ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының қосымша білім беру педагогтерінің «Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан – іске» тақырыбындағы секциясының «Туристік-өлкетану білім беру қызметі: инновациялар, формалар мен әдістер» атты практикалық блокта онлайн алаңның шеберлік сыныптары 2021 жылдың 5 тамызында өткізілді. Отырысқа қосымша білім беру саласындағы туристік-өлкетану және экологиялық бағытында жетекшілік ететін әдіскерлер, педагогтар, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары мен жас туристер станцияларының басшылары қатысты.
Онлайн форматында өткізілген отырыстың скиперлері: Нурманов Райлан Ерсаинович, Насипкалиев Медет Ахметкалиевич, Ескалиева Гульмира Талишевна, модераторы Усагалиева Гульсим Задашевна болды.
Педагогтар жаңа әдістемені зерттеу мен оқытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Нәтижесінде, қосымша білім беру туристік-өлкетану және экология бағытындағы педагогтар жаңа оқу жылына жаңа шабыт, бағыт – бағдар алды.