Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен  ҚР БҒМ-нің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»  2021 жылғы 21 – 22 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық  жасақтардың слетін қашықтық форматында өткізді.

Слеттің мақсаты: балалар мен жастарды азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары,  республикалымыздың  14 облысынан, Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаз  17 команда (170 оқушы) қатысты.

Слетке қатысушылар: «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат, туристік экспедициялық маршруттар презентациясы, өлкетанулық іздестіру – зерттеу жобалары, экологиялық экспедициялар, жорықта зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек беру дағдылары  номинациялары бойынша  жұмыстарын сырттай қорғады.

Слеттің номинацияларын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, мәдениет орталықтарының өкілдері құралған білікті әділқазы мүшелерінің шешімімен 30 жеңімпаз анықталып, Батыс Қазақстан облысы командасының ерекше дайындықпен келгендіктерін атап көрсетіп, төмендегіндей орындар белгіленді.

«Бард» әндері байқауы:

ІІ орын –Бейсов Диас –Жәнібек ауданы – (жетекшісі: М.Қуаналиева  Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы);

Экологиялық соқпақ:

І орын –Ерғали Ділназ, Сағынбай Наргиз  – Бәйтерек ауданы

(жетекшісі: А. Бекешов – Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің  Жас туристер станциясының  қосымша білім беру педагогы);

Жорықта зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек:

ІІІ орын– Кәкімғали Жаннат, Тұрмағамбет Мейрамбек – Орал қаласы

( жетекшілері:М.Нәсіпқалиев, Ұ.Халенов – Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының қосымша білім беру педагогтары);

       Жалпы командалық есеп бойынша  Батыс Қазақстан облысының құрама командасы жүлделі І орынды жеңіп алды.

Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру арқылы,  туристік–өлкетанулық іздестіру-зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында өткізілген аталмыш слетте  Батыс Қазақстан облысының құрама командасы бірнеше жылдар  (2015,2016,2017,2019,2020,2021) бойы жеңіс тұғырынан көрініп келеді.