Еуразия туристік-сауықтыру кешенінің базасында Дүниежүзілік туризм күніне орай білім беру қызметкерлері арасындағы «Еуропа-Азия» XXIV туристік фестивалі аяқталды. Фестивальге 19 команда қатысты – БҚО, Атырау (Құрманғазы ауданы), Ақтөбе (Мәртөк ауданы) және Түркістан (Төлеби ауданы) облыстарының облыстық және қалалық орталықтары мен балалар туристік станцияларының, Теректі колледжі мен Орал сервис және жаңа технологиялар колледжінің құрама командалары қатысты.

Педагог қызметкерлер өз шеберліктері мен қабілеттерін «Лабиринт», «Жеке», «Кросс» қашықтықтарында көрсетті. Олар сондай -ақ «Жорық есебі», «Менің кіші Отаным», БАҚ-тағы мақалалар, туризм бойынша онлайн сабақтар, бард әндеріне байқауларына қатысты.

Әр номинация бойынша фестиваль жеңімпаздары облыстық білім басқармасының грамоталарымен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Поздравляем победителей!