Біз туралы

Миссия: «Туристік-өлкетану қызметі арқылы жеке тұлғаны  мәдениетке тәрбиелеу»

 

Мақсаты: жеке тұлғаның дамуына қажетті жағдайды қамтамасыз ету, оқушылардың және педагогтардың шығармашылық әлеуетін, мүддесін жүзуге асыруда, азаматтыққа, еңбек сүйгіштікке, адам бостандығына тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қосымша білім беру бағдарламасы негізінде білім алатын жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру.

 

Қызметі:

  • мектептер мен колледждердің оқушыларына, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларға қосымша білім беру;
  • «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы шеңберінде облыстың білім беру ұйымдарында туристік – өлкетану және экологиялық қызметті үйлестіру;
  • каникул уақытында оқушылардың демалысын ұйымдастыру;

 

Толық атауы «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қысқа атауы ОБЖТжЭО МКҚК
Құрылған уақыты 28 сәуір 1960 жыл
Пошталық мекен-жайы 090000, Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қ., Исатай батыр көшесі 71/1
Электрондық пошта  еvrasia_centre@mail.ru
Директор Бекқалиев Ғалым Ибатуллаұлы
Жұмыс кестесі Дүйсенбі-жұма 09.00- дан 18.00-ге дейін
Жұмыс телефоны 8 (7112) 52-59-42
  Орталық келесі бағыттар бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады: туристік-өлкетану, экологиялық туризм, спорттық бағдарлау, спорт және дене шынықтыру. Сабақтар 15 қыркүйектен басталады және кестеге сәйкес келесі күнтізбелік жылдың 30 мамырына дейін өткізіледі. Маусым бойы білім алушылар сынақ жорықтарына, экспедицияларға қатысады. Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі, бұл бағдарламалармен қарастырылған жылына қанша сағат оқытылатындығына байланысты.

Орталықта 5 бөлім жұмыс істейді:

– туризм және қауіпсіз маршруттар бөлімі

– өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімі

– экологиялық туризм бөлімі

– спорт және дене шыңықтыру бөлімі

«Евразия» туристік-сауықтыру кешені, «Самал» туристік лагері, «Бивуак»туристік-экскурсиялық кешені құрылымдық бөлімше болып табылады.

Кітапхана және «Соқпақ-Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы бар, психологиялық және медициналық қызметі жүзеге асырылады.

Орталық туристік-өлкетану жұмысының әртүрлі формаларын пайдалануда, олар: балалардың каникулдық бос уақытын ұйымдастыру, жорық, экскурсия, экспедициялар мен жарыстар, слет, акциялар мен байқаулар, көрмелер мен олимпиадалар, викториналар мен фестивальдар.