Бүгін Конституция мерекесінің қарсаңында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы Облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып «Азаттықтың алтын арқауы» атты дәріс сағаты өткізілді.

Дәріске орталықтың «Мұрагер» музейтану үйірмесінің оқушылары (жетекшісі Қ.Қайрлиева) белсене қатысты.

Тәуелсіз еліміздің ән ұранымен басталған шарада кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституцияның маңыздылығы баяндалды.

Шара Конституциямыздағы адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыруы және дамытуы, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілуі ежелгі Ата заңдарменбайланыстыра мағыналы слайдпен жалғасса, дәріс соңы пысықтау сұрақтарымен қорытындыланды.Үйірме оқушылары Тәуелсіздік, Ата заң туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып, қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап берді.

Дәріс соңында Ата заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орныққандығы туралы қорытындыланды.