Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 19 қыркүйек күні өлкетану және аймақаралық ынтымақтасытық  және туризм және қауіпсіз маршруттар бөлімінің үйірмешілеріне өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа, туған өлкенің тарихын терең танып білуге және оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамытуға, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын «Алғашқы алау» шарасы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

         «Алғашқы алау» шарасы үш бөлім бойынша оздырылды:  «Өлке білімпаздары алаңы» өлкетанулық квест-ойындары бойынша өлке тарихына қатысты сұрақтар тарихи – мәдени ескерткіштер,  әдеби, геологиялық, археологиялық, ұлы ұлғалар өмірі мен тарихы,  батырлар мен ақын – жазушыларымыздың өмірбаяндары мен шығармаларынан тапсырмалар берілді.  Ал,  «Туризм әліппесі алаңы» туристік кедергілер жолағы бойынша аспалы паралелді өткелден өту, маятник, бөрене кедергілерінен, байлам және алау т.б түрлерінен өз техникалық шеберліктерін шыңдаса,  «Спорттық және ұлттық ойындар» алаңынан волейбол, футбол, дойбы ойындары насихатталды.

Сондай-ақ, шара барысында орталық педагог-психологы   оқушыларға топты біріктіру мақсатында психологиялық треннингтер: оқушылардың  зейінін тұрақтандыру, танысу, амандасу,  бой сергіту мақсатында «Шеңбер бойымен шапалақ»,  «АйдаҺар, ханшайым және батыр» топаралық ұйымшылдықты арттыру, үйірмешілерге арналған сауалнама жүргізілді,   орталық медбикесі  оқушыларға медициналық диагностика  жүргізді.   Оқушылардың  туристік – өлкетанулық шеберліктері мен  танымдық біліктіліктерін  дамытуға арналған бір күндік  аталмыш шара осылайша өз мақсатына жетті.