Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 18 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің  Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бірлесіп, «Ұлы дала мұрасы» тақырыбындағы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектеп музейлері жетекшілеріне арналған вебинар – семинары ZOOM платформасында өткізілді.

      Вебинардың мақсаты:  Жергілікті білім беру орталықтарында музей ісін дамыту арқылы тарихи –мәдени мұраны сақтау және музей қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу.

Вебинарда: «Музей – өңірдегі білім беру, тарихи – мәдени тәрбие берудің маңызды ресурсы» тақырыбымен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінің меңгерушісі– Р.Альмуханова  БҚО–ның музейлерінің қызметі туралы баяндаса,          Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының» өлкетану бөлімінің меңгерушісі –

 Б. Исабаева«Өлкетану және музей қызметі жағдайында елорда оқушыларына патриоттық тәрбие беру» тақырыбында  замануи іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Сонымен қатар Нұр – Сұлтан қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектептің мемориалдық музейдің меңгерушісі

С. Байдрахманова – «Музей ісі – ұлттық тарихты оқыту мен насихаттаудың маңызды бөлігі тақырыбында жұмысын таныстырып, экспедиция жұмыстарының қорытындысын баяндаса«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы мектеп музейі жұмысының заманауи әдістері туралы Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындығы №18 ЖББОМ-нің музей меңгерушісі С. Бралина мектеп музейіне тікелей эфирде экскурсия жасап, тартымды таныстырды. БҚО, «Атамекен» балалар –жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, тарих ғылымдарының магистрі, Ресей өлкетанушылар Одағының мүшесіА.Құрымбаев«Ұлы дала мұрасын танып білу өлкетанудан басталады» тақырыбында  баяндама ұсынып, тарихи деректерімен бөлісті.

Вебинарға  жалпы Орал қаласы және облыстық мектеп музей жетекшілерінен 165 қатысушы қатысты. Музей жетекшілері өзара іс–тәжірибелерімен алмасып, пікірлерін ортаға салды. Вебинар музей жетекшілерінің патриоттық тәрбие берудегі жұмыстарын насихаттап, музей қызметіне бір серпіліс берді.