Новости

21.01.16 16:52

Ағымдағы жылдың 21 қаңтары күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың ҚР Мәдениет қайраткері, Ақ Жайық өңіріне танымал өлкетанушы Сара Есқайырқызы Танабаеваның 75 жас мерейтойына арналған қабылдауы өтті.
Сара Есқайырқызы саналы еңбек жолын халықтың асыл мұрасын болашақ ұрпақ үшін жинап, насихаттау ісіне арнаған жан. Мұражай саласында 45 жыл тапжылмастан қызмет етіп, соның 22 жылын облыстық мұражайды басқаруға арнады. Осы уақыт аралығында облыстық мұражай кеңейіп, қоры толығып, әр бұрышы жаңа, тың экспозициялармен, деректермен  жаңартылып, іскер қызметкерлерден тұратын мұражай ұжымы қалыптасты.
Мұражай жұмысының еңбек жолында тарих беттерінде қалдырған еңбектері де мол.. Сара Есқайырқызының авторлығымен «Батыс Қазақстанның ежелгі археологиялық қазыналары»,  «Келбет» атты кітаптары, «Батыс өңірінің қолөнер туындылары», «Зергерлік бұйымдары» атты катологтары, Қадыр Мырза Әлидің 70 жылдығына «Даналық дариясының бір сағасы», жазушы М.Шолоховқа «Тынық Донда казакпын, Ақ Жайықта қазақпын», ақын Қасым Аманжоловқа «Оралым менің Оралым» және т.б. шығарылған буклеттері, мұражайлар бойынша құрастырылған жолсеріктері туған өлке тарихын терең танып білем деген жандарға таптырмас құнды дүниелер.
Мұражай жанынан сегіз филиалы: суретші С.Ғұмаров атындағы мұражайы, Кеңес Одағының Батыры М.Маметова атындағы мемориалдық мұражайы, Табиғат және экология музейі, Дарьян ауылындағы М.Шолохов атындағы мұражай кешені, Е.Пугачев атындағы мұражай-үйі, А.С.Пушкин атындағы музейі, Жымпиты ауылында Сырым батыр атындағы мұражай, БҚАТУ жанындағы Жәңгір хан мұражайы дүниеге келді.
Сара Есқайырқызының басшылығымен облыстық мұражай өз филиалдары мен облыс аумағындағы қоғамдық 28 мұражайдың әдістемелік орталығына айналды. Мұражай қорын толтыру мақсатында  Сара Есқайырқызының  бастамасымен  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақтау өңірлеріне этнографиялық ғылыми–зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, нәтижесінде мұражай қоры көптеген құнды этнографиялық мәні мен маңызы бар жәдігерлермен толықты. Бүгінде облыстық мұражай қорында 106 мыңнан астам жәдігерлер жинақталған.
Сара Есқайырқызы  2014 жылдың қаңтарынан бастап облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Балалар туризмі тарихы» мұражайының жетекшісі қызметін атқаруда. Сара Есқайырқызы бұл мұражайды жаңа заманға сай жасақтап, түрлі экспозициямен толықтырды.

Сара Есқайырқызы тарихшы, өлкетанушы, мұражай ардагері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана» медалімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Мәдениет министрлігінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.  

1

Читать полностью

 

21.01.16 16:47

21 января текущего года  состоялся  прием Акима Западно-Казахстанской области Нурлана Аскаровича Ногаева с Культурным деятелем РК, известным краеведом Приуралья Сарой Ескаировной Танабаевой  в честь её 75-летия.
Сара Ескаировна окончила Уральский педагогический институт имени А.С.Пушкина по специальности «История, казахский язык и литература».
Трудовой стаж – 45 лет. В музее проработала 38 лет, из них 22 года занимала должность директора Областного историко-краеведческого музея.
Трудовую деятельность начала учителем средней школы Сырымского района.
Работала в сфере культуры с 1969 года. С 1984 по 2008 гг. директор Областного историко-краеведческого музея, с 2008 по 2013 гг. заведующая музея А.Пушкина, с 2014 по 2016 гг. руководитель музея «История детского туризма»  ЗКО центра детско-юношеского туризма и экологии.
По инициативе С.Танабаевой были открыты музей С.Гумарова, мемориальный музей Героя Советского Союза М.Маметовой, музей природы и экологии, музей Е.Пугачева, музей А.Пушкина, музей Жангир хана, музей Г.Токая.
Под её руководством были организованы этнографические научно-исследовательские экспедиции по Западному Казахстану, регионам Актобе, Актау, Алматы, в результате чего фонд музея был пополнен ценными этнографическими экспонатами и материалами о видных писателях и поэтах Приуралья.
О ценных экспонатах, собранных в фонд музея, были опубликованы такие книги как «Батыс Қазақстанның ежелгі археологиялық қазыналары», «Келбет», «Жауһар».
С.Танабаева является обладателем знака «Культурный деятель» (1997), медалей «10 лет Независимости Республики Казахстан» и «Астана».

1

Читать полностью

   

Музейлерге мамандарды қайдан табамыз?

19.01.16 17:33

sara_apa_makala

   

«Самал» туристік лагеріндегі тамаша демалыс!

19.01.16 17:24

«Мұрагер» және «Жайық самалы» туристік-өлкетану  үйірмесі 2016 жылдың 17 қаңтары күні «Самал» туристік лагеріне демалыс күнгі жорық жасады. Жорық кезінде шаңғы, коньки тебуді үйреніп, сырғанаққа сырғанады.Қысқы жорық кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырылып, алғашқы медициналық көмек түрлерін үйренді. Қыс қызығына батқан үйірмешілер тіпті үйге қайтуға асықпады. Бізді көңілді қарсы алып, кәсіби көмек ұйымдастырған «Самал» ТЛ-нің меңгерушісі Б.А.Махметовке және А.М.Бармаковқа алғысымыз шексіз!
Балалар, тезірек «Самал» ТЛ-не келіңдер! Қызықтың бәрі сонда! Әрі денсаулығың шыңдалады, әрі көп нәрсе үйренесің!


1

Читать полностью

   

Активный отдых в туристском лагере «Самал».

19.01.16 17:18

17 января 2016 года  члены кружка «Мурагер», «Жайық самалы» совершили поход выходного дня  в туристский лагерь «Самал».  Методист туристского  лагеря   «Самал» рассказал о  соблюдении техники   безопасности   при катании.
Во время  похода   мы   катались с горки,  учились кататься на коньках и лыжах. Нам  очень понравилось  в лагере, даже не хотелось идти домой. Мы выражаем  огромную благодарность  за организацию  зимнего отдыха.заведующему  туристского лагеря  «Самал» Махметову Б.А. и  методисту Бармакову А.

1

Читать полностью

   

«Өмірім Ақжайықпен өрнектелген» ашық сабақ өтті.

19.01.16 16:59

ОБЖТжЭО-ның өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен 15 қаңтар күні «Өмірім Ақжайықпен өрнектелген» атты музей ардагері, өлкетанушы – Сара Есқайырқызы Танабаеваның мерей тойына орай «Жас тұлға» (жетк. Ғайнеден Т.Ғ.) және «Жас өлкетанушы» (жетк. Алмұханова Р.С.) үйірмелерінің ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. Ашық сабақта өлке туралы тамаша әндер мен төгілген күйлер орындалып, Сара Есқайырқызының еңбек жолы туралы естеліктерінен бейнебаян  көрсетілді, жас өлкетанушылардың қызықты сұрақтарына жауап берілді. Кеш соңында үйірмешілер мен ұжым мүшелері  Сара Есқайырқызына ұзақ өмір, мықты денсаулық тілеп,  естелік суретке  түсті.

1

Читать полностью

   

Открытое занятие: «Өмірім Ақжайықпен өрнектелген».

19.01.16 16:54

15 января  2016 года  состоялось открытое занятие  на тему: «Өмірім Ақжайықпен өрнектелген», посвященный  юбилею Танабаевой С.Е. –ветерану музейного дела, краеведу. Открытое занятие организовали  члены кружка «Жас тұлға» (рук. Гайнеден Т.Г.) и  «Жас өлкетанушы» (рук. Алмуханова Р.С.). На открытом занятии прозвучали песни, кюи о родном крае, а также показаны видеоматериалы из трудовой деятельности Сары Ескайровны. После  завершения   занятия  сотрудники центра и  дети  пожелали ей здоровья, долгих лет жизни и сфотографировались на память.

1

Читать полностью

   

«Жалпы және қосымша білім берудегі интеграция үрдісінде оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және дамыту үшін жалпы білім беру мекемелерінде инновациялық ортаның мүмкіндігі» тақырыбында семинар-кеңестің қорытынды ақпараты.

18.01.16 16:38

Қазақстан Республикасында туристік-өлкетану бағыты алдағы уақытта ұзақ мерзімді инновациялық даму, ұлттық экономикалық пайдалы және экологиялық қауіпсіз сала ретінде қаралады.
Ішкі туризмнің басым дамуын ескере отырып мемлекеттік шеңберде туристік сала мәселелерін шешуде негізгі бағыттарының бірі туризмнің белсенді түрлерін дамытуда осы үрдіске жас жеткіншіктерді кеңінен тарту.

Балалар-жасөспірімдер және жастар туризмі, оның ішінде оқушылардың экскурсиялық, туристік сапарлар - ең тиімді білім беруге арналған технологиялар, үйлесімді тұлғаны дамытуды қамтамасыз етеді және азаматтық - патриотизмнің қазіргі заманғы бағдарламаның ажыратылмас бөлігі ретінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтық ұқсастықты, толеранттық мәдениетті, әлуметтік біліктілікті этникалық және конфессияаралық салада өзара байланысқа бағытталған.
1

Читать полностью

   

Общественно-политическая газета "Приуралье" от 26 декабря 2015г

18.01.16 08:27

   

Страница 65 из 91

<< Начало < Предыдущая 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 Следующая > Последняя >>
joomla template