Новости

В 3-ю смену становись!!!

07.07.18 19:00

С 3 по 14 июля в детском летнем лагере ТОК "Евразия" областного центра детско-юношеского туризма и экологии - клуб ЮНЕСКО проходит 3-я смена! Лето становится все жарче, детей все больше, а Программа все насыщенней! Но обязательными остаются экскурсии, купания, азы туризма, соревнования по настольным и спортивным играм, флэш-мобы, дискотеки, походы! Следите за событиями!

Читать полностью

 

Облыстық жас геологтардың слетінің қорытындысы туралы ақпарат/ Итоговая информация о V областном слете юных геологов

04.07.18 10:17

Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін сақтау және дамыту, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында Теректі ауданының Шалқар көл жағасында 2018 жылдың 26-29 маусым аралығында V облыстық жас геологтардың слеті өткізілді. 
Слетке облыстың 8 ауданы мен Орал қаласынан 60 қатысушыны қамтыған 9 команда қатысты.
Слет 2 бөлімнен тұрды: геологиялық жарыс және геологиялық байқау.Геологиялық жарыс: геологиялық маршрут, геологиялық кесік, минералдарды анықтау,палеонтология, минералогия және  петрография, гидрометрия және өңдеуді байқап көру, қауіпсіздік техникасы негіздері және далада тұруды ұйымдастыру. Геологиялық байқау: таныстыру, «Геология және біз» көрмесі,  тастардан түрлі бұйымдар жасау, геологиялық фотосуреттер және суреттер, геологиялық ескерткішке сипаттама беру, геологиялық есеп.
Жарыс  республикалық геологиялық олимпиада ережелері бойынша өткізілді: геологиялық жарыс түрлері және геологиялық байқау.

Читать полностью

   

Ақтөбелік оқушыларға танымдық экскурсия/Дорогие гости!

04.07.18 08:54

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен 26 және 28 маусым күндері Ақтөбе облысы Мұғалжар (Қандыағаш) ауданынан Орал қаласына  бір күндік танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды (жалпы 102 адам).
Бағдарлама бойынша  тарихи-өлкетанулық, танымдық мақсатында «Орал-Қазақстанның көне қаласы» (музейлерге бару), Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығына (көрме), балалар туризмі музейіне экскурсиялар ұйымдастырылса, сонымен қатар, хайуанаттар бағы мен қалалық мәдениет және демалыс саябағына экскурсиялар ұйымдастырылған болатын. Кешкі бағдарлама бойынша қонақтарымыз «Евразия» ТСК-ның өмірімен танысып, жазғы демалыстың сәттеріне куәгер бола алды.

Читать полностью

   

Күмбірлесін қазақтың домбырасы!/Национальный день домбры - ДА!

02.07.18 21:20

Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра. Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық Домбыра» күні болып жарияланды. Бұл дегеніміз қазақ еліндегі қазақ мәдени музыкасының тарихын қастерлеудегі Рухани жаңғыру бағдарламасының бір тетігі деп білеміз.
Осы орайда облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы кітапханасының ұйымдастыруымен 1-ші шілде күні «Самал» сауықтыру лагеріндегі демалушы оқушылармен «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында ұрпағымыздың рухани қаруы болған ұлттық домбыраның құрылымы, шығу тарихы, жасалуы және күйшілер туралы айтылды. Сонымен қатар, «Домбыра - дастан» атты кітап көрме ұсынылып, домбыра өнері туралы кітаптарға шолу жасалды. Демалушылар көрмедегі кітаптармен және мерзімді басылымдардағы домбыра туралы мақалалармен танысты. Шараға 60-тан астам оқушылар қатынасты.
Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспабын қастерлеу арқылы өнерге бейімдеу, сүйіспеншілігін, ынтасын арттыруды көздеген шара өз мақсатына жетті.

Читать полностью

   

Велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ - 2018» жарысының анонсы/Анонс областных соревнований по технике велосипедного туризма «Серебрянная спица - 2018», посвященных 20-летию Астаны

02.07.18 20:55

Велосипед туризмінен өткізілетін облыстық жарыс оқушылар арасында велосипед туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, веложорыққа қатысушылардың туристік шеберліктерін жетілдіру, веложорық қауіпсіздігін арттыру мақсатында өткізіледі.

Вело туризмнен облыстық жарыс 2018 жылдың 9-11 шілде аралығында Казталов ауданында өткізіледі. 11-17 шілде аралығында I категориялы қиындық дәрежесіндегі вело жорық өтеді. Командалар 2 топқа бөлініп 2 бағытпен жүреді.

Читать полностью

   

Сапқа тұр!/На линейку становись!

02.07.18 12:30

«Евразия» ТСК жазғы лагерьдің 2-аусымы аяқталды!
Қаншама оқиғалар болды, ойындар, жарыстар, жорықтар, экскурсиялар! Ең бастысы, балалар мектептегі сабақтарынан демалып, өте жақсы демалды, жаңадан достар тапты!Жазғы лагерьлер – бұл спорттық-сауықтыру демалысына тамаша мүмкіндік, ал «Евразия» ТСК- жл бойына балалардың сыңғырлаған күлкісі мен дауыстары естіледі, олай болса бұл  Жер бетіндегі ең тамаша орын!


Закончилась 2-я смена в летнем лагере ТОК "Евразия"!
Сколько было событий, игр, соревнований, походов, экскурсий! А самое главное, конечно же то, что ребята смогли отдохнуть от занятий в школе и найти новых друзей!
Летние лагеря-это прекрасная возможность для спортивно-оздоровительного отдыха, а ТОК "Евразия"- одно из лучших мест, где круглогодично звучат детские голоса и смех, а значит-это одно из самых лучших мест на Земле!!!

Читать полностью

   

Балалар туризмін дамыту туралы!/О развитии детского туризма!

01.07.18 12:55

Ақпараттық алаңда "БҚО балалар туризмін дамыту туралы " тақырыбында өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы өтті,  конференцияға Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы - ЮНЕСКО клубы директоры , ХБЖТжӨА академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Павлович Фомин қатысты.
Пресс-конференцияның негізгі тезистері:
1. Бүгінгі күні туристік-өлкетану қызметіне  балаларды қамту Қазақстанда небары 2,6% құрайды. Мұнда БҚО көшбасшылық орында тұр және көрсеткіш 12,6%  құрайды.
2. Кеңестік мемлекеттер кеңістігі арасында балалар туризмін дамыту бойынша БҚО көшбасшылардың үштігіне кіреді.
3. ОБЖТжЭО (БҚОоблыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы) және Башқұртстан, Самара, Волгоград, Орынбор  туризм орталықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Туризмді дамытудың инновациялық формасын енгізуді жоспарлау шеңберінде.

Читать полностью

   

Сәтті аяқталу!/Счастливый финал!

28.06.18 20:58

Міне, «Самал»ТЛ-і балалар демалысының 2-ауысымы да аяқталды! 10 күн балалық шақтың бақытты 1 күніндей зулап өте шықты! Балалардың алаңсыз толыққандыжазғы  демалысын өткізу мүмкіндіктерінің болғаны қандай жақсы! Қаншама жарыстар, жорықтар, экскурсиялар, өзара пікір алмасулар, әңгімелер.... Осының барлығы қуаныш, мәжбүрлеусіз, өз ерік-жігерлерімен!  Осы ауысымды тамаша ұйымдастырған тәлімгерлерге, педагогтарға, лагерь басшылығына және облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ЮНЕСКО клубына рахмет! Балаларына қамқорлық көрсеткен ата-аналарға рахмет! Лагерьде демалған балалардың лагерь өміріне белсенді қатысқаны үшін рахмет! Солардың ішіндегі үздіктердің футбол, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ, туризм, бағдарлау бойынша жарысқа қатысқандары үшін, сонымен бірге үздік қақпашы, шабуылшы, ең техникалық ойыншы және өздерінің бөлмелерінде тәртіп пен тазалық сақтаған балалар – дипломдармен марапатталды! Жарайсыңдар! Сендер өздеріңнің тамаша қасиеттеріңді көрсеттіңдер!

Читать полностью

   

Құрметті журналистер!/Уважаемые работники связи и информации поздравляем Вас с профессиональным праздником!

28.06.18 10:45

Читать полностью

   

Страница 5 из 86

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
joomla template