Бурлинский район

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Жас туристер станциясы» КММ 

Бөрлі ауданындағы туристік-өлкетану қызметі 2006 жылы Ақсай қаласындағы «Арман» балалар-шығармашылық үйінен бастау алды.
Алғашқы кезде туризм бөлімінде 7 үйірме жұмыс жасады. Осы білім беру саласында қосымша білім беру жүйесінің маңызы арта түсіп, жеке тұлғаның дамуына, салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақытының мазмұнды ұйымдастырылуына көп көңіл бөлініп, ауданымызда қосымша білім беру ұйымын кеңірек ашу ұйғарылды.
2009 жылдың 1 қаңтарында Бөрлі ауданы әкімдігінің  Бумакөл селосында Жас туристер станциясын ашу туралы қаулысы қабылданды. Утва өзенінің бойында орналасуы мен табиғатының сұлулығы орталықты Бумакөл ауылынан ашуға себеп болды. «Жас туристер станциясының» КММ басшысы болып Каймулдинов Нарынбек Утегенович қызмет атқарады. Қазіргі таңда Жас туристер станциясында 4 бөлім жұмыс жасайды.

  • Туризм бөлімі
  • Өлкетану бөлімі
  • Спорттық бағдарлау бөлімі
  • Музейтану бөлімі

2019-2020 оқу жылында Жас туристер станциясында 111 үйірме жұмыстанып жатыр. Осы үйірмелерде 1665 оқушы тәрбиеленіп, 70 қосымша білім беру педагогы қызмет атқарады. Үйірмелерде оқушылар туристік техника жолағынан өтіп, шаңғы, тау, су, вело туризм элеметтерін үйреніп, туристік және спорттық бағдарлау жарыстарына, өлкетанулық байқауларға, эжкспедициялар мен экскурсияларға қатысады. 2016-2017 оқу жылында Бөрлі ауданы мектептерінде музейлер ашылды. Бүгінгі таңда 22 мектеп музейі жұмыстануда. Балалардың бос уақытын маңызды ұйымдастыру мақсатында орталықта жыл  сайын «Жас турист» жазғы демалыс лагері және «Қарашығанақ» шатырлы лагері жұмыс жасайды. 2019 жылы жазғы демалыс лагерінде 462 бала демалды.
Туристік-өлкетану қызметі балаларды білім, тәрбие, сауықтыру саласында, сонымен қатар балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда тиімді әдіс болып табылатыны сөзсіз.
Мекен жайымыз: 090307, Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылы, Линейная көшесі 4/1,
тел. 8 (71133) 37-200, 50-542.
E-mail: Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

 

Фото Аты-жөні Қызметі

Каймулдинов Нарынбек Утегенович

Жас туристер станциясының директоры

Имангазиева Аида Турарбековна

Жас туристер станциясы директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Изимгали Аслан Сүйінжанұлы

Cпорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі

Қабиев Қасен Ербулатұлы

Өлкетану бөлімінің меңгерушісі

Сабитов Азамат Талгатович

Туризм бөлімнің меңгерушісі







joomla template