Бурлинский район

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Жас туристер станциясы» МКҚК құрылу тарихы

Бөрлі ауданындағы туристік-өлкетану қызметі 2006 жылдың сәуірінен Ақсай қаласындағы «Арман» балалар-шығармашылық үйінен бастап қызмет жасап келді. 
Алғашқы кезде туризм бөлімінде 7 үйірме жұмыс жасады. Осы білім беру саласында қосымша білім беру жүйесінің маңызы арта түсіп, жеке тұлғаның дамуына, балалардың шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін жүзеге асыруға, қоғамда өмір сүруге бейімделулеріне, азаматтық сана сезімдерінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақыттының мазмұнды ұйымдастырылуына көп көңіл бөлініп, ауданымызда қосымша білім беру ұйымын кеңірек ашу ұйғарылды.
2009 жылдың 1 қаңтарында Бөрлі ауданы әкімі Б.А.Шәкімовтің Бумакөл селосында Жас туристер станциясын ашу туралы қаулысы қабылданды. Жас туристер станциясының басшы болып бірнеше жыл туризм саласында қызмет еткен азамат  Е.С.Сексенбаев тағайындалып, 2011 жылға дейін қызмет етіп, жастайынан дүниеден озды. Қазіргі таңда оның қызметін жұбайы А.С.Сексенбаева атқаруда.  Бумакөл селолық округінен аудандық Жас туристер станциясын ашуды аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі А.Тржанова ұсынып, «Бумакөл» ЖШС директоры С.Х.Молдагалиев қолдап, ЖШС теңгеріміндегі екі ғимаратты өтеусіз пайдалануға берді.
2009 жылдың 26 желтқсанында Жас туристер станциясын салтанатты ашылуына облыс әкімі Б.С.Измұхамбетов қатысып, Бөрлі ауданының әкімі мен білім беру бөлімінің меңгерушісіне өз алғысын білдірді. Жас туристер станциясының Бумакөл селосында ашылу себебі кеңес үкіметі уақытында ауылдан 5 шақырым жерде аудан мектептерінің оқушылары демалатын «Орленок» пионер лагері болған еді. Сонымен қатар Бумакөл ауылының Утва өзенінің бойында орналасуы мен табиғатының сұлулығы себеп болды.
Алғашқы рет Жас туристер станциясы ескі балабақша ғимаратында орналасқан болатын, кішірек ғимаратта Станцияның жоспарлаған жұмыстарын жүзеге асыру мүмкін болмағандықтан орталықты Бумакөл селолық округінің  үлкен ғимаратына көшірді. Күрделі жөндеуден өткеннен кейін ғимарат өз қонақтары мен демалуға келген оқушыларын көз тартар көркемдігімен, әсем безендірілуімен таң қалдырды. Жас туристер станциясының ғимараты екі қанатқа бөлінеді: кеңсе бөлімі, 24 орындық туристік база. Орталықта 94 үйірме жұмыс жасайды. Осы үйірмелерде 1925 бала тәрбиеленуде, 97 қосымша білім беру педагогы қызмет етеді. Үйірмелерде оқушылар туристік техника жолағынан өтіп, шаңғы, тау, су, вело туризм элеметтерін үйреніп, туристік жарыстарға және өлкетанулық байқауларға қатысады.
Туризм балаларды білім, тәрбие, сауықтыру саласында, сонымен қатар балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда тиімді әдіс болып табылатыны сөзсіз.


Туризм балаларды білім, тәрбие, сауықтыру саласында, сонымен қатар балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда тиімді әдіс болып табылатыны сөзсіз.

Мекен жайымыз: 090307, Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылы, Линейная көшесі 4/1,

тел. 8(71133)37-200, 50-542.

E-mail: Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

Фото Аты-жөні Қызметі

Сексенбаева Айнагуль Сериковна

Жас туристер станциясының директоры

Имангазиева Аида Турарбековна

Жас туристер станциясы директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Каймулдинов Нарынбек Утегенович

Жас туристер станциясының туризм бөлімінің меңгерушісі











joomla template