Спортивное Ориентирование

ОБЖТжЭ орталығының спорттық бағдарлау бөлімінің негізгі қызметі оқушыларды үйірмеге тарту, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасау, мектептік, аудандық, облыстық көлемдегі спорттық бағдарлау жарыстарын, семинарлар мен оқу- жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу. Аудандық туризм орталықтарына, спорттық бағдарлау ұйымдарына практикалық, әдістемелік көмектер көрсету. Республикалық, халықаралық, әлемдік жарыстарда үздік нәтиже көрсету мақсатында команда дайындау.
Үйірмеге негізінен 5 – 11 сынып аралығындағы оқушылар тартылған. Сонымен қатар 9 сыныптан соң оқуға түскен колледж оқушылары да спорттық бағдарлау үйірмелерінде дәріс алуда. Спорттық бағдарлаудың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, үйірмешілердің, қосымша білім беру педагогтарының дайындық деңгейлерін шыңдау, спортшылар арасында тәжірибе алмасу, туған жер табиғатына ұқыптылықпен қарау және қорғау, Республикалық және халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылу болып табылады. ОБЖТжЭ орталығының спорттық бағдарлау бөлімі жыл бойы бірнеше облыстық шаралар мен жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Сонымен қатар облыс командасы бірнеше Республикалық жарыстарға қатысып өз бақтарын сынауда. Олар:
-     Облыстық оқушылар арасындағы шаңғы туризмі техникасының шеңберіндегі «Ақшақар» спорттық бағдарлау жарысы;
-    Облыстық білім қызметкерлері арасындағы шаңғы туризмі техникасының шеңберіндегі «Европа - Азия» спорттық бағдарлау жарысы;
-    Облыстық «Шаңғы бағдары» ашық жарысы;
-    «Көктемгі бағдарлау» жаяу спорттық бағдарлаудан жарысы;
-    Колледж оқушылары арасындағы туризм техникасы шеңберіндегі жаяу спорттық бағдарлау жарысы;
-    «Бағдар» спорттық бағдарлаудан шатырлы лагері;
-    «Европа – Азия» туристік фестивалі шеңберіндегі спорттық бағдарлау жарысы;
-    «Батыс – Азимут » жаяу спорттық бағдарлаудан облыстық жарыс;
-    Оқушылар туриадасының шеңберіндегі «Алтын – Дала» жаяу спорттық бағдарлау жарысы.



joomla template