Экскурсии

Туристік-экскурсиялық қызмет – оқушыларға танымды тәрбие берудің бірден-бір ықпалды жолы. Ол туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ел мен жер байлығын, тарихын, мәдени мұраларын оқып-үйреніп, патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тарихи ескерткіштерге, мәдениетке және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің мәдени өй-өрісін кеңейту, оларды Отанын, туған өлкесін сүйетін елінің патриоты етіп тәрбиелеуде мектептегі экскурсия маңызды рөл атқарады. Бала табиғаттың тылсым қызықтарын кітаптан, журналдан оқып танысқанымен, өзін қоршаған табиғаттың тамаша көріністерін, қайталанбас ерекшеліктерін өз көзімен көріп, құлағымен естіп, қолымен ұстап сезінгені оның мәңгілік есінде қалады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының экскурсиялық бөлімі өткізетін жұмыстардың барлығы мемлекеттік білім беру саласындағы әлеуметтік міндеттерді шешу, оқушыларға қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастырды үйретуге бағытталған. Экскурсия бөлімі жыл сайын облыстық деңгейде оқушыларға  экскурсиялық бағдарлау элементтерін үйрету және өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасын өскелең ұрпаққа меңгерту мақсатында  экскурсиялық бағдарлау жарысын ұйымдастырады.
Экскурсиялық бөлімнің мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылардың туристік-өлкетанулық білімін жетілдіру;
  • Жас жеткіншектердің бойында қазақстандық патриотизмді дамыту;
  • Туған жердің табиғатын, мәдени нысандарын ұқыпты қарау және қорғауға үйрету;
  • Туған өлкесінің тарихын үйрету, өз еліміздің патриоттарын тәрбиелеу;
  • Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру

Туристско-экскурсионная деятельность – один из действенных способов  воспитания учащихся, связанных с развитием и удовлетворением познавательных потребностей.
Она способствует формированию чувства любви к родному краю, изучению богатства, истории, культурного наследия, патриотических качеств.
Экскурсия, как форма экскурсионной деятельности, играет важную роль в формировании бережного отношения к историческим памятникам, культурно-историческому наследию, природе, а также в расширении культурного потенциала детей и подростков, воспитании у них патриотизма, любви к Родине, родному краю. Сколько бы не изучал ребенок всю красоту природы из книг и журналов, в памяти его навсегда останутся прекрасные и неповторяющиеся виды окружающей его природы, которые он увидел своими глазами.
Все работы, проводимые экскурсионным отделом областного центра детско-юношеского туризма и экологии - клуба ЮНЕСКО, направлены на решение социальных задач в сфере образования и обучения и  формирование здорового образа жизни.
Ежегодно экскурсионный отдел ОЦДЮТиЭ на областном уровне организует и проводит соревнования по экскурсионному ориентированию, с целью проверки знаний и обучения учащихся истории и культурного наследия нашего края, которые проводятся в игровой форме экскурсионного ориентирования на местности в условиях города.
Цели и задачи экскурсионного отдела:

  • Совершенствование туристско-краеведческих знаний учащихся;
  • Развитие казахстанского патриотизма у подрастающего поколения;
  • Обучение бережному отношению к природе родного края и к культурным объектам;
  • Обучение истории родного края, воспитание патриотов своей страны;
  • Эстетическое, экологическое воспитание.
 
joomla template