«Қыс қызығы» демалыс күнгі жорық

Туризм салаларының бір формасы – туристік–өлкетану қызметі мектептегі сабақтардан тыс жасалатын жұмыс. Бұндай туризм формасы балалардың өз өлкесін, тарихын танып білуіне үлкен мүмкіндік береді. Туризмнің осы түрі арқылы  оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады, себебі олар өз өлкесіне экскурсия жасау барысында көптеген тың мәліметтермен толығады.
2020 жылдың 25 қаңтар күні Облыстық балалар мен жасөспірім туризмі және экология орталығының «Туған өлкем» туристік-өлкетану  үйірмесі (Жетекшісі А. Еркингалиева) №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ - «Самал» ТЛ – Октябрь ауылы - №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ маршрутымен демалыс күнгі шаңғы жорығын ұйымдастырды.
«Туған өлкем» туристік-өлкетану үйірмешілері жорық барысында шаңғымен жылжу арқылы 3 шақырым жүріп өтті. Шынайы кедергілерге, ең бастысы, жаяу жүруді жатқызуға болады, себебі қатысушылар үшін ең басты қиыншылық ол бірнеше километр жүру болды. Оқушылар өз күштерімен маршруттардағы әр түрлі кедергілерді және жорық барысындағы өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білді. Туризіммен шұғылдану да оқушының жеке дамуына әсер етеді. Өйткені сезімдік таным негізінде қабылданған білім, әрекеттер оқушының ақыл-ойының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына жетелейді. Демалыс күнгі жорығымыз сәтті аяқталып, оқушылар үйлеріне қуанышты көңіл-күймен қайтты.

joomla template