«Демалыс күнгі шаңғы жорығы»

2020 жылдың 25 қаңтар күні «Руханият» үйірмешілері (Жетекшісі Е.Т) «№49 ЖББОМ - «Самал» ТЛ- Октябрь ауылы-№49 ЖОББМ» маршрутымен демалыс күнгі шаңғы жорығын жасап қайтты. Жорық барысында оқушылар шаңғы туризімінің техникасы түрлерімен танысып, өз білімдерін толықтырды.  
Сонымен қатар, оқушылар «Құстарды қоректендірейік» акциясына қатысып, «Самал» ТЛ аумағына өлкемізде қыстап қалатын қанаттыларға өздері дайындаған ұяларын іліп, қамқорлық жасады. Қыстап қалатын құстар дегеніміз өз туған жерінде қалатын, шыдамды, суыққа төзімді, тоңбайтын отырықшы құстар.   
Ондай құстарға қарға, торғай, бүркіт, көгершін, сауысқан т.б. жатады. Құстар бау бақшаның сәні әрі біздің досымыз. Құстардың пайдасы көп. Олар ағаштағы, жердегі құрттарды жейді. Құстар ән айтып, біздің көңілімізді көтереді. Құстар нан қоқымымен, дәнді дақыл, ағаштағы жеміс қалдығы мен, шемішкенің дәнімен, жаңғақпен қоректенеді. Ендігі кезекте оқушыларға  қыс бойы құстарды қоректендіріп отыруға тапсырма берілді.
Жақсылық –әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін үлкен қасиет. Жақсылық жасауды өз Кіші Отанымыздан бастайық достар! Баршаңызды «Құстарды көректендірейік» акциясына қатысуға шақырамыз!...

joomla template