Оқушыларға арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама / Зимняя новогодняя программа для школьников

Қысқы демалыс пен жаңа жылдық мерекелер әрбір оқушының асыға күтетін уақыты.Себебі қыс – керемет көңіл күй сыйлайтын аязды таза ауа, қарлы кез.  2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап ОБЖТжЭО-ы «Евразия» ТСК мен «Самал» ТЛ-де оқушыларға, үйірмешілерге арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастыруда. Сауықтыру лагерлерінде балаларға демалуға, демалыс уақытын тиімді пайдалануға, мәдениетті және салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. «Евразия» , «Самал»   сауықтыру лагерлерінің материалдық базасы және инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балалар үшін жайлы жылы бөлмелер, акт залы, спорт алаңдары,  топтық жұмыс бөлмелері, шаңғы базасы, жабдықталған медициналық бөлме бар. Демалысқа келген оқушылар шаңғы, коньки теуіп, тюбингімен сырғанап, спорттық эстафетада жарысып таза ауада уақыттарын жақсы өткізеді. Далада демалғаннан кейін балалар туристік кешен аумағында орналасқан асханадан түскі аспен тамақтанып, орталық педагогтары ұйымдастырған жаңа жылдық мерекелік кешке қатысады.  Біздің орталық мүмкіндігінше балалардың белсенді және қызықты демалуын қамтамасыз етеді.


Новогодние праздники и зимние каникулы всегда самые долгожданные и любимые для каждого школьника. Традиционно в канун Нового года  ОЦДЮТиЭ организует новогоднюю программу для учащихся школ, кружковцев центра в ТОК «Евразии» и ТЛ «Самал». На турбазах есть все условия для того, чтобы дети смогли хорошо отдохнуть и  максимально использовать свое свободное время. Турбазы  «Евразия» и «Самал» располагают хорошей материальной базой и инфраструктурой. Здесь есть удобные теплые комнаты для детей, актовый зал, комнаты для коллективной работы, лыжная база и оборудованный медицинский кабинет. Школьники, которые приезжают на турбазу, веселятся на свежем воздухе, катаются на лыжах, на коньках,  на горке. После отдыха школьников ждет горячий обед в столовой и  новогодняя программа, организованная педагогами центра. Наш центр стремиться, чтобы отдых детей был как можно более активным и насыщенным.

joomla template