«Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» семинар-кеңес қорытындысы / Итоговая информация о семинар- совещании директоров центра туризма

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы оқу-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-11 желтоқсанында «Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» атты туризм орталықтарының директорларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске Аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтары мен Жас туристер станцияларының директорлары қатысты. Семинар-кеңеске Жаңақала аудандық жас туристер станциясының директоры (Есмағұлов А.Ф) қатыспады.
Қатысушылар 10 желтоқсан күні 2019 жылғы атқарылған жұмыстардың есебін тапсырып, өткен жылды қорытындылады.
11 желтоқсан күні өткен семинар-кеңес орталықтың психологы А.Абаеваның өткізген тренингісінен басталды. «Құбыр» тренингі ұжым басшыларының бірлігін, ынтымақтастығын нығайтуға бағытталса, «Достық торы» тренингі арқылы бір-біріне достық қарым-қатынас ахуалына бағыттап, жұмысқа деген ынта – жігерін арттырды.

Республикалық «Соқпақ - Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналының редакторы  И.А.Тоболева «Әдістемелік журнал – таптырмас құрал»  атты баяндамасында журналға жазылу,  мақала беру, мақаланың сапасы, тақырып таңдаудың маңыздылығы туралы баяндады. Жаңа оқу жылына жазылуды қолға алуға шақырды.
Туризм және  қауіпсіз  маршруттар бөлімінің меңгеруші К.Е.Неталиева   «Туристік жарыстар - туристік-өлкетану қызметінің  тиімділігін арттыратын негізгі құралы» баяндамасында жыл бойына 8 облыстық, 4 үйірмешілік, 2 семинар өткізілгендігін, жетістіктер мен кемшіліктерді салыстыра отырып көрсетті. Туристік жорықтардың есептері уақытында  тапсырылмайтындығына баса назар аударуды ұсынды.
Экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Н.Х.Гатауов «Туристік-өлкетану бағытында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жүйесінің маңыздылығы»  баяндамасында экологиялық қызметті жандандыруға, шараларды жүйелі, сапалы өткізуге шақырды.
Экскурсия бөлімінің меңгерушісі Г.Г.Дүйсекенова  «Экскурсиялық қызметті дамытудың мүмкіншіліктері» баяндамасында жазғы лагерьлерді ұйымдастырудың мүмкіншіліктері туралы баяндады.
Өлкетану және ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Р.С.Алмұханованың «Қосымша білім беру саласындағы оқушыларға азаматтық,  патриоттық тәрбие берудегі өлкетанудың рөлі» баяндамасында өткізілген шаралардың қорытындысы мен жаңа оқу жылы шеңберінде өткізілетін жұмыстарға тоқталды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаралар барысымен таныстырды.
Оқу-әдістеме бөлімінің меңгерушісі Қ.Ж.Қайрлиева «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру – оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізі» баяндамасында жыл бойын оқу-әдістемелік жұмыстардың қорытындысын, алдағы міндеттерді баяндады. Өз сөзінде Батыс Қазақстан облысы бойынша балалар – жасөспірімдер туризм және экология орталықтарында 481 педагог қызметкер, оның ішінде, аудан, қала бойынша 431, облыс бойынша 50 педагогтың сапалық көрсеткіш 44 пайызды қамтитындығын, Ақжайықта -29,1, Бөкей ордасында-57,1, Бөрліде – 28,5, Жаңақалада – 57,1, Жәнібекте – 61,9, Бәйтеректе – 29,1, Казталовта – 16,6, Қаратөбеде – 17,8, Сырымда – 71,4, Тасқалада – 38,4, Теректіде– 24,1, Шыңғырлауда -25 пайызды көрсететіндігін атады. Осы жерде сапалық көрсеткішті арттыруды назарға ұстауларын сұрады. Облыстық «Хрустальды шоқыр- 2020» байқауына, «Түлектер» форумына қатысуға шақырды.
Баяндамалар арасында аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары қызметі туралы тәжірибелерімен бөлісіп, кемшіліктер мен қиындықтар талқыланып, ұсыныстар ұсынылып,  пікір алмасып, жаңа 2020 жылғы жұмыс жоспары таныстырылды.
Пленарлық отырыс соңында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының м.а., ОӘЖ-гі орынбасары Г.З.Усағалиева «Жетістік құпиясы – мақсатқа жетуге деген ұмтылыс нәтижесі» рейтинг бойынша жұмыстанған аудандардың қызметі туралы шолу жасап, жаңа міндеттерді орындауға тапсырмалар берді.
Түстен кейін «Аудандарда туристік кластерді дамытудағы жаңа идеялар» жобалар алаңы  директордың ОТЖ орынбасары А.Адилова мен педагог ұйымдастырушы Б.Хатимуллинаның ұйымдастыруымен өткізілді. Төрт топқа бөлінген қатысушылар Батыс Қазақстан өңіріндегі «Балалар туризмі кластерін» аймақтарда қалай дамыту жобаларын сызып, қорғады.
1-ші жобада аудандарда кешенді туристік кластердің жобасын сызса, 2-ші жобада Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылына туристік база кешенінің жобасы, 3-ші жобада Бөкей ордасы ауданында туристік кешен, 4- ші жобада Шалқар туристік базасының жобасы жасақталды. Барлық жобаларда да туристік мүмкіншіліктерді дамытатын, балаларға да, үлкендерге де пайдалы тұстары бар. Сарапшылар  мен қатысушы топтар барлық жобаларды бірдей деңгейде деп бағалады.
Кеңес соңында жұмыс қорытындыланып, қаулы қабылданды.

Ұйымдастыру комитеті


Итоговая информация о семинар- совещании директоров центра туризма (станции юных туристов) по теме:
«Туристско – краеведческая деятельность: опыт, поиск, итоги  и новые задачи»
11 декабря 2019 года состоялся  семинар директоров центра туризма (станции юных туристов) по теме: «Туристско–краеведческая деятельность: опыт, поиск, итоги и новые задачи».
Семинар начался с проведения психологических тренингов: «Труба»  и «Сети дружбы» в целях сплочения и повышения  настроения участников семинара.
Семинар состоял из двух частей: пленарная и практическая. На пленарном заседании выступили заведующие отделов центра туризма и экологии, которые выступили с аналитическим отчетом о проделанной работе районных (городской) центров туризма за год. В своих выступлениях они подчеркнули положительные стороны по направлениям, но и отметили проблемы, слабые стороны работы, а также о задачах и перспективах на следующий год.
Продолжился семинар выступлением директоров центра, которые информировали о работе центра за текущий год, проблемах, которые присущи  каждому центру – это финансирование, обеспечение транспортом, нехватка и текучесть кадров.
Анализируя итоги года можно сделать вывод, что с поставленными задачами на 2019 год центры справились, но особенно нужно отметить положительные работы Акжаикского, Жанибекского, Казталовского центров туризма и станции юных туристов района Байтерек.
В практической части семинар-совещанияучастники семинара приняли участие в деловой игре - площадка проектов по теме: «Новые идеи по развитию детско – юношеского кластера  в регионе». Цель: активизировать участников, вовлечь в коллективную деятельность, сформировать навыкипо защите проектов, совершенствовать профессиональное мастерство, развивать сообразительность, находчивость, нестандартное мышление, создать благоприятные условия для общения и взаимодействия.
Участники разделившись на группы должны разработать проект и защититьперед аудиторией. Оценивают проекты эксперты, зрители, участники.
Первая группа защищала комплексный проект по развитию детско–юношеского кластера на территории Таскалинского, Казталовского, Сырымского, Чингирлауского, Теректинского районов то есть создание экофлоры, организация туристско-краеведческих и экскурсионных  маршрутовпо достопримечательным местам, развитие этнотуризма, караванного, спортивного и горнолыжного туризма, парусного спорта на озере Шалкар.
Вторая группа защищала проект по развитию детско-юношеского кластера на территории озера Шалкар: создание аквапарка, развитие видов туризма, а именно горнолыжного туризма, развитие инфраструктуры, ипотерапии, создание благоприятных условий для организация полноценного отдыха.
Третья группа – проект по развитию туристско-оздоровительного комплекса на территории с.Битик Акжаикского района. Создание благоприятных условий для круглогодичного отдыха детей и взрослых: здание  дляадминистрации, корпус, столовая, баня, хозяйственные здания. Также будут организованы туристско–краеведческие маршруты по посещению достопримечательных мест края.
Четвертая группа – проект по созданию туристского комплекса «Болашақ» на территории Бокейординского района. В проект включены: строительство бассейна, теплицы, игровой площадки, этногородка,конюшни, питомника, тира,а также организация туристско-краеведческих экскурсии.
При защите группы обосновали проект и дали экономическое обоснование .Все проекты, представленные группами имеет свои особенности т.е. «изюминку».
Организаторы побдагодарили за ответственное отношение к подготовке защиты проектов и за творческие способности при создании проектов.
По окончанию семинар-совещания были приняты рекомендации по дальнейшему развитию и совершенствованию детско-юношсекого туризма.

 

joomla template