«Алғашқы алау» / «Первый костер»

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жоспарына сәйкес, аталмыш жылдың 28 қыркүйегінде  «Самал» туристік лагерінде  үйірмешілер арасында «Алғашқы алау» туристік шарасы ұйымдасытылды.
Шараның мақсаты:қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық дағдыларын жетілдіру. Шараға ОБЖТжЭО-ң 49 үйірме (400)оқушы қатысты. Оқушылар шара барысында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы әр бөлім бойынша  жалпы атқарылатын жұмыстардың мазмұнымен танысты. Жоспар бойынша оқушылар қауіпсіздік ережелерімен және сақтық, тазалық шараларымен таныстырылған соң, туристік орталықтың барлық бөлімдерінің жұмыстары қамтыла отырып көптеген қызықты жарыстармен ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: спорттық бағдарлау бөлімі «Спорттық бағдарлаудың әліппесі»,  туризм бөлімі  - «Туризм әліппесі», өлкетану бөлімі-«Музей-Киіз үй» экскурсия, экология бөлімі - «Өз терегіңді отырғыз!» акция және  спорт және дене шынықтыру бөлімі  - «Спорттық ұлттық ойындар».

Сонымен қатар жас туристтер «Шаған өзені»  жағалауында балық аулап, қайықпен серуендеп,  үйірме жетекшілерінің қадағалауымен далалық жағдайда түскі ас дайындады.Одан әрі тамаша табиғат аясында естелік фото суретке түсті. Нәтижесінде оқушылар табиғат аясында шынығып, күнделікті қаланың тынымсыз тірлігінен демалып туризммен шынығудың мәнін түсінді. «Алғашқы алау» шарасынан оқушылар жақсы әсер алды.


Согласно плану областного центра детского и юношеского туризма и экологии  на базе  туристского лагеря «Самал», 28 сентября состоялось традиционное туристское  мероприятие «Первый костер».
Цель мероприятия:  воспитание казахстанского патриотизма,профилактика здорового образа жизни, повышение спортивного, технического и тактического мастерства участников, обмена опытом между педагогами и учащиемися.  В   мероприятии приняли участие  окло 400  учащихся из 49 кружков. В ходе мероприятия учащиеся ознакомились с содержанием общей работы  областного центра детского и юношеского туризма и экологии. Учащиеся кружков первого года обученияпознакомились с более опытными учащимися, которые поделились своими навыками с новыми учащиемися первого года обучения. Право разжечь костер было предоставлено лучшим учащимся отделов ОЦДЮТиЭ. Каждый отдел ОЦДЮТиЭ познакомил кружковцев (особенно первого года обучения) с работой своего направления.В частности: отдел спортивного ориентирования -  "Азбука спортивного ориентирования", отдел туризма и безопасности маршрутов – «Азбука туризма», отдел краеведения – экскурсия в «Музей –юрта», отдел экологии провели акцию «Посади свое дерево, турист» и конкурс рыболовов. А также катались на лодках, под присмотром руководителей кружков,  готовили обед на костре. Дети с удовольствием провели свободное время на природе.

 

joomla template