«Европа-Азия 2019» туристік фестивалі өз мәресіне жетті.

Облыстық білім басқармасының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сай   17-20 қыркүйек аралығында  Орал қаласында «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде Халықаралық туризм күніне арналған «Европа-Азия 2019» XХІІ туристік фестивалі өтті. Командалар далалық жағдайда орналасты.
Фестивальдың мақсаты:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау;
- Қазақстандық патриотизмді нығайту;
- білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе  жинақтау  және  насихаттау.


Республикалық деңгейде өткізілген туристік фестивальге жалпы саны 19 команда (192 қатысушы) қатынасты. Соның ішінде, Ақтөбе облысы (Мәртөк ауданы), Атырау облысы (Құрманғазы ауданы), Маңғыстау облысы (Жаңаөзен қаласы), Түркістан облысы (Төлеби ауданы) мен колледж, мектеп, аудандық туризм орталықтары қатысты. 4 күнге созылған жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Жарыс бағдарламасына сай барлық қашықтықтар мен байқаулар өткізілді. Нәтижесінде «Жеке» қашықтықтан ерлер арасында үздік болған – Мұратов Асхат(Ақжайық ауданы), әйелдер арасында – Диланова Назира (Орал қаласы). «Эстафета» және «кросс-жорық» қашықтықтары деңгейлеріне байланысты А және Б тобына бөлінсе, «техникалық» қашықтығы А, В және С тобына бөлінді. Туристік жарыстардан бөлек спорттық ойындар ұйымдастырылды: футбол, волейбол, ләңгі, дойбы, тоғыз құмалақ, асық, городки  және т.б.
Жарыс жеңімпаздары диплом және медальмен марапатталды. Жарысқа қатысқан командаларға алғыс хат, грамоталар табысталды.

 

joomla template