Экспедиция в рамках празднования 175-летия со дня рождения великого Абая

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» және ұлы Абайдың 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақаралық «Қазақстанның жеті кереметі» туристік-өлкетану экспедициясының қорытындысы.
Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 2019 жылдың 22 – 30 тамыз аралығында «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» және «Қазақстанның жеті кереметі» туристік-өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияға облыстық «Жайық толқыны» фестивалінің жеңімпаз оқушылар мен ОБЖТжЭО-ның белсенді үйірмешілері қатысты.  Экспедиция барысында оқушыларға Абай өлеңдері мен поэмаларын, қара сөздерінен жатқа айта білу деген талап қойылды.

Экспедициямыздың алғашқы күні, яғни 25 тамыз, таңғы сағат 08.00. Қазақтың талай ұлы тұлғалары дүние есігін ашқан Семей өңіріне аяғымыз тиген соң, экспедициямызды Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінен бастадық.  Семей қаласының көне тарихымен танысқан соң, «Абай мемориалдық» музейі және қазақтың заңғар ақыны «Алаш арыстары-М.Әуезовтың» музейі,  Ф.М.Достоевскидің  әдеби-мемориалдық музейінің жанында орналасқан Ш.Уәлиханов пен Ф.М.Достоевскидің  ескерткішін, жауынгер-ауғандықтарға арналған ескерткіштерін тамашалап, тың мәліметтермен толықтық.
Сағат 16.30 шамасында қалаға 18 шақырым жердегі Қарағайлы орман алабына аралап, «Қасиетті бұлақ» басына танымдық жорық жасап қайттық.  
Экспедициямыздың келесі күні 26 тамыз Семей-Күшікбай батыр-бұлағы – Бөрлі ауылы – Еңілік-Кебек ескерткіші- Жидебай ауылы маршрутымен жалғасты. Ұзақ жолдағы біраз тарихи орындарға да бағытымызды бұрып отырдық. Қаладан оңтүстікке қарай 25 шақырымдай жерде  Күшікбай батырға арнап қойылған ескерткіш анадайдан көздің жауын алады. Монументтің жалпы пішіні дулығаның сипатын білдіреді.  Дәл осы жерде талай жолаушылардың шөлін басқан, тіпті қыста да қатпайтын шыныдай мөлдір бұлақ ағып жатыр.
Семейден - 84 шақырым жерде қазақтың заңғар ақыны М.Әуезовтың тұрған үйінде музейі сақталған.
Еңлік пен Кебекке қойылған ескерткіш кесенеге келіп жеттік. Шәкәрім бабамыздың "Жазықсыз жаза" дастанына арқау болған екі ғашықтың кесенесі Ералы жайлауының шығыс жағында орналасқан. 
180 шақырымды артқа тастап экспедициямыздың басты мақсатына айналған Жидебай ауылына да келіп жеттік. Мақсатымыз да - ұлы Абай жайында тың мағлұмат жинау.  Оң жақтағы кесенеде бабамыз Абай мен оның жомарт, кісіге адал інісі Оспан Құнанбайұлы жатыр. Сол жақтағы кесенеде қажы Шәкерім мен оның ұлы Ахат бабамыз жерленген.  Абайдың   мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби –мемориалдық қорық музейін тамашаладық.  Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан бірталай мағлұмат беретін, баға жетпейтін үлкен үй - осы. Қорық-музейінде Абайдың өмірінің соңғы он жылындағы тұрмыс тіршілігі, тұтынған заттары, құжаттық жәдігерлері сақталған.  Ата рухын іздеп қа¬сиет¬ті Жидебайға жол түсіп, Абай өмі¬рін, шығармашылығын жақсы біліп, ақын¬ның ізі қалған белдерді, қолының табы қалған заттар¬ды көріп, өзімізше әсер алдық. Жидебай сапарынан алған әсеріміздің қысқаша бая¬ны осындай. Ертесі Семейдің орталық саябағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым еттік. Сонымен қатар, Семей өңірінің қасіретіне айналған «Невада-Семей» қозғалысына арналған «Өлімнен де күшті» ескерткішіне экскурсия жасадық. Үш күн бойы экспедициямыздың сәтті өтуіне қолдау көрсетіп жүрген «Бейбітшілік» аралында орналасқан биологиялық орталықтың жұмысымен танысып, онда орналасқан хайуанаттар саябағына экскурсия жасап, шағын «Дөңгелек үстелге» қатыстып, Семей-Нұр-Сұлтан пойызына отырып, Орал қаласына жол тарттық. Экспедициядан келгеннен кейін де біздің турларымыз жалғасын тауып, жол бойы  Жидебай сапарынан алған әсерін, шығармашыл балалардың ойын біліп отырдық. Төменде сол оқушылардың бірінің шығармашылығынан үзінділер беріліп отыр.


Согласно плану областного центра детско-юношеского туризма и экологии в период с 22 по 30 августа 2019 года состоялась туристско-краеведческая экспедиция «Семь чудес Казахстана». Экспедиция прошла по маршаруту «Уральск-Нур-Султан-Семей-Нур-Султан-Уральск» в рамках празднования  175-летия со дня рождения великого Абая. В экспедиции приняли участие победители областного фестиваля «Жайық толқыны» и активные учащиеся кружков центра детского туризма. 
В ходе экспедиции учащиеся посетили историко-краеведческий  музей города Семей, государственный историко-культурный и литературно-мемориальный заповедник  Абая, музей  «Алаш арыстары - М. Ауэзов", музей –комплекс им.Абая-Шакарима. Также посетили мавзолей Енлик-Кебек, была проведена экскурсия к памятникам Ш.Валиханова и Ф.М.Достоевского,  воинам-афганцам «Өлімнен де күшті», возложили цветы к монументу «Бейбітшілік». Во время посещения достопримечательных мест, учащиеяся читали   наизусть стихотворения Абая.
В целях знакомства с биологическим центром г.Семей была проведена экскурсия по зоопарку и встреча с сотрудникамми данного центра. От имени ОЦДЮТиЭ выражаем благодарность сотрудникам биологического центра в лице директора Диядова В.Н. за гостеприимный и организованный прием.  По итогам экспедиции участники подготовят исследовательские работы для участия в конференциях.

joomla template