«Айбыны елдің Ата Заң!»

Ата Заң -  азаттығыңды айқындайтын, тәуелсіздігіңді паш ететін,егеменді ел екендігіңді танытатын , дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат. Осы Конституция мерекесі қарсаңында ОБЖТ ж ЭО-ның мәжіліс залында педагогтар мен қызметкерлердің қатынасуларымен «Айбыны елдің Ата Заң!» атты салтанатты шара ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты шарада алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып мерекеге орай  ОБЖТ ж ЭО-ның тәрбие ісі жөніндегі директордың  орынбасары Айгүл Батырғалиқызы құттықтау лебізін білдіріп орталықтың жетістіктері туралы айтып өтті.

Конституцияның  құрылуы туралы бейнеролик көрсетілді. Экология бөлімінің әдіскері Байсариева Н заңға байланысты баяндама оқыса дизайнер әрі кітапхананың тұрақты оқырманы Жұматай Е Ақын, Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар-намысы -Ата Заң!» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Шара соңында Ардагер ұстаз Надежда Саданқызы құттықтау сөзбен  Конституцияның сипаты, маңыздылығын , қасиетін, тәртіп пен Заң біздің тыныштығымыз үшін,бейбіт өмір сүруіміз үшін қажет екенін,еліміздің Ата Заңына деген құрметпен қарап   кейінгі өскелең ұрпақты патриоттық рухқа қалыптастыру  туралы айтып өтті.Еліміздің негізгі заңы – Ата Заңды қастерлеп, құрметтеу  мақсатында «Мемлекеттік және халықтың айнасы Ата Заң» атты көрме үстел қойылып шолу жасалды.  Көрмеге Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары және қазақ мемлекетінің құрылуы жайындағы әдебиеттер, Қазақстанның тарихы мен конституциялық құқықтың дамуы бойынша анықтамалық басылымдар, мерзімді баспасөз беттеріндегі жарияланған  конституциялық заңдар, мақалалар қойылды.   Көрме мақсаты  оқырмандарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру өзінің конституциялық құқығы мен міндеттерін орындау мен  құрметтеу, Ата Заң ең қасиетті, ең құнды және мемлекеттің басты құжаты екені туралы айтылды.

 


В предверии Дня Конституции РК в областном центре детско – юношеского туризма и экологии прошло торжественное мероприятие «Айбыны елдің Ата Заң!», посвященное  Дню Конституции РК, в котором  присутствовали педагоги, сотрудники центра.На торжественном мероприятий прозвучал гимн РК. Со словами поздравления  к присутствующим обратилась заместитель директора по учебно – воспитательной работе Адилова А.Б. 
Библиотекарь Куспанова Г. рассказала  о государственной значимости, структуре и роли  Основного закона, а педагог Байсариева Н.Б. о главном законе страны, который   был принят на общенациональном референдуме 30 августа 1995 года.  Она  подчеркнула, Основным документом, определяющим независимость, демократические ценности любого государства, является Конституция. Как суверенное и независимое государство Республика Казахстан имеет свои государственные символы: Герб, Флаг, Гимн.
В ходе мероприятия был показан видеоролик о Казахстане, организована выставка «Конституция – зеркало государства и народа», а Жуматай Е.К. прочитал стихи А.Сейтақа «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң!»
В конце мероприятия библиотекарь провела библиографический обзор литературы, представленной на выставке.

joomla template