ХХХ-шы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы/ ХХХ областная туристско-экологическая экспедиция «Жайық Урал»

ХХХ-шы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы
25 маусым күні Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында ХХХ-шы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясының ашылу салтанаты өткізілді. Экспедиция жасөспірімдердің жергілікті аймақты зерттеп білуі, экологиялық жағдайларға баға беру, өз туған өлкесінің патриотын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. 1 кезеңі 25 маусымда Жарсуат елді мекенінен басталып, 30 маусым күні Төңкеріс ауылында аяқталады. Бірінші кезең қатысушылары Ақжайық, Бәйтерек, Казталов, Теректі және Бөрлі аудандары. Экспедицияның ашылу салтанаты кезінде Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Фомин Виктор Павлович экспедиция қатысушыларына сәттілік тілеп,  қайықтарды суға түсіру рәсіміне қатысты.


ХХХ областная туристско-экологическая экспедиция «Жайық Урал»
25 июня состоялось открытие ХХХ областной туристско-экологической экспедиции «Жайық Урал» в п.Жарсуат Бурлинского района. Цели экспедиции: формирование активной жизненной позиции и воспитание казахстанского патриотизма, дать экологическую оценку изучаемой территории. 1 этап пройдет от п.Жарсуат и закончится 30 июня в п.Тонкерис. Участники 1 этапа юные экологи Байтерек, Теректинского, Бурлинского, Казталовского, Акжаикского района. Директор ОЦДЮТиЭ Фомин Виктор Павлович участникам поздравил с юбилейной экспедиции и пожелал всем удачи.

joomla template