«Қарлығаш-2019» туриадасы.

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 10-14 маусым күндері аралығында Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасы оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту мақсатында Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, «Шұғыла» туристік лагерінде далалық жағдайда өткізілді.
Жарысқа 11 команда (88 қатысушы) қатысты. Жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігі 14-18 жас (2001-2005 жж) аралығындағы оқушы ұл-қыздар. Жарыс бағдарламасына сай «кросс-жорық», «жеке», «техникалық», «байлам» қашықтықтары мен «үздік таныстырылым», «аспаздар», «туристік тұрмыс және дағды», «жорық туралы есеп», «туристік фотосурет», «балық аулау» байқаулары ұйымдастырылды.
Жарыстың нәтижесіне сәйкес жалыкомандалық орын:
I орын – Ақжайық ауданы командасы;
II орын – Жәнібек ауданы командасы;
III орын – Қаратөбе ауданы командасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

joomla template