Велотуризм анонс

Оқушылар арасында велосипед туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, веложорыққа қатысушылардың туристік шеберліктерін жетілдіру, веложорық қауіпсіздігін арттыру мақсатында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ - 2019» жарысы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылында 19-21 маусым күндері аралығында өткізіледі. Жарысқа қатысушылар облыстық жарыс шеңберінде 1-ші категориялы қиындықтағы веложорық жасайды. 1 - категориялы қиындықтағы  веложорық  Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылынан  2019 жылдың 21-27 маусым аралығында өткізіледі (21.06.19 ж сағат 11.00-де басталады). Жорық маршруты:  Сайхын ауылы - Жаңақала ауылы. Ұзақтығы – 303 км.
Жарыс бағдарламасына сай:

  1. Мәнерлеп жүру қашықтығы (шеңбер, конус, лабиринт, сегіздік, затты тасымалдау, қисық жол, қақпа, қиғаш тақтай, кеспе тастар, жіңішке тақтай және т.б.);
  2. Триал қашықтығы (жылан, қақпа, құмды участок, жыра, бөрене,  тастар, үш  бөрене, жерди және т.б.);
  3. Велокросс қашықтығы;
  4. Супервел қашықтығы;
  5. «Туристік фотосуреттер (жарыс кезіндегі)» байқауы өткізіледі.
joomla template