«Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасының анонсы.

Оқушылар арасында «Менің Отаным Қазақстан» экспедицицясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасы жаяу туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2019 жылдың  10-14  маусым  аралығында Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында  «Шұғыла» туристік лагерінде өткізіледі. 
Команда құрамы: 5 қатысушы  +1 өкіл. Жарысқа 14-18 жас аралығындағы (2001-2005жж) ұл-қыздар қатыса алады.
Жарыстың бағдарламасына енгізілген қашықтықтар:
•    «Кросс-жорық»  қашықтығы;
•    «Техникалық» қашықтық;
•    «Жеке» қашықтық
•    «Өткелдер» қашықтығы
•    «Су туризмі техникасы» қашықтығы
•    Морзе әліппесі
•    Конкурстық бағдарлама: туристік «Көңілді тапқырлар клубы», «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы, «Жорық туралы есеп» байқауы, «Ыстық тағамдар» байқауы, «Туристік фотосуреттер (жарыс кезіндегі)» байқауы.
Жарыстың ашылу салтанаты 10 маусым 19:00.

joomla template