Туған Жер Табиғатының Жанашыры

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында еңбек ардагері, «Жайық-Орал»  экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Экология саласының үздігі» 16 мамырда 80 жасқа толған - Утешев Нариман Сулейменұлымен кездесу кеші өткізілді.
Кездесуге ардагердің замандастары - еңбек және туристік – өлкетану қызметінің ардагерлері, журналистер мен мекеме қызметкерлері қатысты. Оның еңбек жолы халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Шараға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссияның орынбасары Тарасенко Елена Ивановна қатысып, өлкенің экологиялық жағдайы туралы өрелі сөз қозғалды Өз қызметінің 20-дан астам жылын өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға арнады. Ол «По следам Правдухина», «Жайық-Урал» экспедициясының ұйымдастырушысы, қолдаушысы, әрі мүшесі. Экспедицияларға қатыса отырып, Жайық өзенінің мәселелерін шешуге атсалысты. «Река с простым названьем - жизнь» кітабында «Жайық-Урал» экологиялық очеркгі (2001 ж.), «От В.Правдухина к волнам Седого Каспия» кітабында «Экосистема Урала: прошлое и настоящее» (2002 ж.), «Тұрғындарды экологиялық  мәдениетке тәрбиелеу. Орал өзені бассейнін қорғау және қалпына келтіру» атты мақалалалары жарияланды. Өз мақалаларында Жайық өңірінің табиғаты мен экологиялық проблеммаларын көтеріп, оны шешу жолында шаралар ала білген басшы иегері.

Орталық кітапханасында ардагердің еңбек жолы туралы «Туған жер табиғатының жанашыры» көрме, балалар туризмі тарихы музейінде экскурсия ұйымдастырылды.
Шара соңында Батыс Қазақстан облысындағы туристік-экологиялық қызметін дамытудағы еңбегі үшін «Орал өңірінде балалар туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді.

joomla template