Кәсіптік, техникалық колледж оқушылары арасында жаяу туризм техникасы бойынша Республикалық «Алтын балдақ-Золотой альпеншток» жарысына анонс

Шара жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау, рухани және физикалық жетілдіруге сауықтыру мақсатында табиғи ортаны сауатты пайдалану дағдыларына тәрбиелеу, спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру, ең мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.Туристік дайындық деңгейлерін және спорттық шеберліктерін шыңдау.
Туризмнен облыстық жарыс 2019 жылдың 14-17 мамыр аралығында Орал қаласы, «Евразия» ТСК-нінде далалық жағдайда өткізіледі. Жарысқа қатысуға кәсіптік, техникалық колледж командалары жіберіледі. Туризмнен облыстық жарысты облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы облыстық білім басқармасымен бірге өткізеді.

Команда құрамы -7 адам оның ішінде: команда - 5 (4+1); қосалқы-1; жаттықтырушы - өкіл-1. Командалардың жарыстарға және жарыстың ашылу салтанатына арналған бірыңғай, спорттық  форма болуы тиіс (1-3 курс студенттері, жарыс уақытында 20 жастан аспаған жастағы).
Қашықтықтар мен конкурстық бағдарламалар саны:
1. «Техникалық» қашықтығы
2. «Өткелдер» қашықтығы
3. «Жеке» қашықтығы
4. «Құрама КТМ» қашықтығы
5.  Спорттық бағдарлау
6. Конкурстық бағдарлама: командалардың өзін-өзі таныстыруы, аспаздар конкурсы, жорық туралы есеп беру конкурсы (МКК-да тіркелген, 2018 жылғы 1 маусымнан бастап 2019 жылдың 10 мамырына дейін жасалған 1 категориялы қиындықтағы жаяу жүру жорықтары), туристік дағды және тұрмыс.

joomla template