Казталов ауданының мектеп музейлері / Школьные музеи Казталовского района

Білім беру мекемелеріндегі музейлері арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мақтаныш сезімін ұялату, білім алушылардың өмір сүруге және қоғамдағы өз орнын табуға қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиелеу мақсатында облыстық «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы жарияланды. Аталмыш акция аясында Казталов ауданында музейлер жұмысы жандануда. Жалпы ауданда 12 мектеп музейі бар.   2019 жылдың 11-13 сәуір  аралығында  Казталов ауданынында ОБЖТжЭО-ның  қызметкерлері іссапармен  болып, С. Есетов атындағы ОЖББМ-нің «Руханият» тарихи-өлкетану, Бостандық ОЖББМ –нің  Бостандық тарихи-өлкетану, М.Жүнісов атындағы НЖББМ –нің «Асыл мұра», Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ-нің «Рухани ұлағат» педагогикалық –өлкетану, К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің «Тарихи өлкетану» жанындағы мектеп музейлерінің қызметімен танысты. Музейлерге тоқталатын болсақ: С. Есетов атындағы ОЖББМ-нің «Руханият» тарихи-өлкетану музейі  2018 жылы ашылып, ауыл тұрғындарының демеушілік көрсетуімен  жаңартылған. Жәдігерлерге бай,  тарихи-өлкетанулық - музей. Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ-нің «Рухани ұлағат» педагогикалық –өлкетану музейі - мектеп тарихынан  сыр шертеді. Мектеп музейі демеушілердің қолдауымен жаңа заманға сай жасақталған. Бостандық ОЖББМ – нің  тарихи-өлкетану музейі жеке ғимаратта орналасқан.  Музейде партия және мемлекет қайраткері  Қабира Салыққызының жеке заттары, және ауыл тұрғындарынан жәдігерлерлер жинақталған. Сонымен қатар Саралжын аулында   М.Жүнісов атындағы НЖББМ –нің «Асыл мұра» музейі жасақталу үстінде. Жалпақтал ауылындағы 1993 жылы ашылған   тарихымен, тағлымы мол - К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің «Тарихи өлкетану музейінде 1500 - ден астам жәдігерлер жинақталған. Демеушілердің көмегімен қайта жасақталуда. Музейлерге әдістемелік көмек көрсетіліп, музей жұмысы жөнінде ұсыныс-пікірлер берілді.


В рамках Акции «В каждом образовательном учреждении –музей!»  с 11-13 апреля 2019 года сотрудники ОЦДЮТиЭ посетили  школьные музеи Казталовского района. Ознакомились с музеями и документацией историко-краеведческого музея «Руханият» СОШ им.С.Есетова, музея краеведения Бостандыкской СОШ, музея «Асыл мұра» НОШ им.М.Жунисова, историко-педагогического музея «Рухани ұлағат» СОШ им. Г.Молдашева, историко-краеведческого музея СОШ им. К.Мендалиева.  Экспозиция музеев создана и оформлена благодаря спонсорской помощи предпринимателей -сельчан. Богатый набор экспонатов приобретены бесплатно в дар от жителей поселков. В музеях проводятся тематические встречи, музейные уроки и часы. Школьные музеи пользуются большим спросом у жителей и гостей сел. Были даны методические рекомендации.

joomla template