2018-2019 оқу жылындағы қысқы шаңғы жорығына қорытынды.

Биылғы I қиындықтағы категориялық шаңғы жорығы мезгілін Теректі ауданы (жетекші. Беркингалиев Ф) 2018 жылдың 23-29 желтоқсан күндері  бастаса, Бөкей Ордасы ауданы (жетекші. Нурмуханбетов Б) 2019 жылдың 11-16 ақпан күндері аяқтады. Жалпы саны 16 жорық өтіліп, 110 қатысушы қатысты. Соның ішінде балалар тобы 5 жорыққа, ересектер 11 жорыққа шықты.   I қиындықтағы категориялық шаңғы жорығына Орал қаласы мен Жаңақала ауданынан басқа барлық ауданның туристтері шықты.
Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2017-2018 оқу жылында I қиындықтағы категориялық 12 шаңғы жорығы өтіліп, 87 қатысушы қатысқан. Соның ішінде балалар тобында 7 жорық, ересектер тобында 5 жорық жасалған. I қиындықтағы категориялық шаңғы жорығына Орал қаласы, Бөкей Ордасы, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарынан басқа барлық ауданның туристтері шықты.
Қорытындылай келе туристтердің дәрежелі жорықтармен, қиындық категориялы жорықтарға шығуы жыл санап көтеріліп келе жатқанын байқауымызға болады. Оған негізгі себеп қарқынды дайындықпен мол тәжірибе.

2018-2019 оқу жылында өтілген I дәрежелік шаңғы жорығының кестесі

joomla template