Білім қызметкерлері арасындағы шаңғы туризм техникасынан облыстық «Европа-Азия 2019» жарысының анонсы / Анонс областного соревнования по технике лыжного туризма среди работников образования «Европа-Азия 2019»

Білім қызметкерлері арасындағы  шаңғы туризм техникасынан  облыстық «Европа-Азия 2019»  жарысы     шаңғы туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2019 жылдың  23-25  қаңтар  аралығында Орал қаласы «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде өткізіледі. 
Шаңғы туризмі техникасы жарысына облыс аудандарының және Орал қаласының  білім қызметкерлері (мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, колледж мұғалімдері) құралған құрама командалары қатыса алады. Команда құрамына - 7 адам (4 ер, 1әйел, 1 қосымша, 1 жетекші). Жарыс бағдарламасы:

  1. «Кросс-маршрут» қашықтығы  (4е+1ә);
  2. «Техникалық» қашықтығы (4е+1ә)
  3. «Жеке» қашықтық (3е+1ә, жалпыкомандалық орын әр 4 қатысушының жинақтаған ұпай сандары бойынша анықталады)
  4. «Эстафета» қашықтығы (3е+1ә);
  5. Байқаулар:
  • «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы;
  • «Қысқы балық аулау» байқауы;
  • «Қысқы туристік фото байқауы» (жарыс кезіндегі фото А5 форматымен)
  • «Қысқы жорық есебі» (2018 жылдың  1  ақпан – 2019  жылдың 20 қаңтар аралығындағы категориялық  шаңғы жорықтар).

Областные соревнования по технике лыжного туризма среди работников образования  « Европа-Азия 2019» проводятся с целью пропаганды здорового образа жизни, развития лыжного туризма, повышения технического и тактического туристского мастерства и квалификации участников, обмена опытом. Соревнования  проводятся с 23 по 25 января  2019 года в г. Уральск на территории  ТОК «Евразия». В областных соревнованиях по технике лыжного туризма принимают участие сборные команды организации дополнительного образования(учителя, преподаватели колледжей). В составе команды -7 человек.(4 мужчин,+1 женщина, +1 дополнительно, +1 руководитель)

Программа соревнований:

  1. «Кросс-поход» по технике лыжного туризма (4м+1ж)
  2. «Технический» расстояние (4 м+1ж)
  3. Дистанция «Личная»(3м+1ж)
  4. Дистанция «Эстафета»(3м+1ж)
  5. Конкурсная программа:
  • Конкурс  «Туристические навыки и быт»
  • Конкурс  «Зимняя рыболовство»
  • Конкурс «Зимняя туристское фото» ( фото А5 форматом)
  • "Отчеты зимнего похода " (с 1 февраля 2018 по  20 января 2019)
joomla template