2019 жылдың бірінші жеңісі!

2019 жылдың 4-8 қаңтар айы аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының тау туризмінен жарыс өткізілді. Облысымыздың намысын қорғап, «балалар», «жасөспірімдер» тобы болып  2 жас ерекшелігі бойынша «Батыс West» командасы қатысып келді. Жарыста «жеке», «байлам», «жартастар» қашықтығы ұйымдастырылды. Жасөспірімдер тобына жалпы саны 16 команда, балалар тобында 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша балалар тобында «жеке» қашықтығында ұлдар арасында
1 орын – Героев Еділ
2 орын – Нариман Нұрбұлан
Қыздар арасында:
2 орын – Кушербаева Гульназ. «Жеке» қашықтығы бойынша 1 орын, «Байлам» қашықтығы 3 орын. Жалпыкомандалық есепте 3 орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 

 

joomla template