Совещание высокого уровня \ Жоғары деңгейде өткен кеңес

23 февраля 2018 года во Дворце школьников в г.Астана прошло расширенное заседание Республиканского координационного совета руководителей организаций, реализующих образовательные программы туристско-краеведческого направления дополнительного образования детей «Новые возможности развития детско-юношеского туризма» в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру».
Целью проведения Координационного совета явилось создание открытой площадки для эффективного диалога и взаимодействия государства, общественности и профессионального сообщества в вопросах сохранения и модернизации системы дополнительного образования детей.

Участники заседания: депутаты Парламента РК, представители Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, министерств образования и науки, культуры и спорта, по инвестициям и развитию, по делам религий и гражданского общества, внутренних дел РК, АО «Национальная Компания «KazakhTourism», Казахстанской Национальной Федерации Клубов ЮНЕСКО, высших учебных заведений, колледжей, органов и организаций образования, станций и центров юных туристов, краеведов, НПО республики.
В заседании принял участие и директор  Областного центра детско-юношеского туризма и экологии ЗКО, к.п.н., председатель Республиканского координационного совета директоров организаций дополнительного образования, Член Клубов ЮНЕСКО, Вице-президент Международной академии детско-юношеского туризма и краеведения имени А.А.Остапца-Свешникова, Виктор Павлович Фомин, который выступил с докладом на тему: «Реализация Концептуальных подходов к развитию детско-юношеского туризма в организациях дополнительного образования туристско-краеведческого направления». Также от нашей области участвовали: директор ЦДЮТиЭ Зеленовского района Терехова Г.А., директор СЮТ Бурлинского района Сексенбаева А.С., директор ГЦДЮТиЭ «Атамекен» Сакенов Ж.Н. Всего 10 человек.
На расширенном заседании Координационного совета  обсуждались вопросы реализации Концептуальных подходов к развитию детско-юношеского туризма в Республике Казахстан на 2015-2016 годы, проведении Республиканского слета туристских экспедиционных отрядов «МеніңОтаным – Қазақстан», перспективы развития туристско-краеведческой деятельности в организациях образования, обновления содержания образовательных программ туристско-краеведческого направления дополнительного образования в условиях реализации программы «Руханижағыру». Особое внимание было уделено вопросам определения новых подходов и организационных форм развития детско-юношеского туризма в регионах на основе усиления межведомственного взаимодействия. В числе приоритетов – создание сети районных, городских и областных организаций дополнительного образования, обеспечивающих координацию развития детско-юношеского туризма во всех организациях образования региона, проведение школьных и региональных краеведческих и туристских мероприятий, разработка туристских маршрутов.Участники Координационного совета также обсудили вопросы обновления содержания образовательного процесса, изучения, обобщения и трансляции лучшего опыта для обеспечения трансферта современных технологий, совершенствования качества проведения республиканских мероприятий.
В завершении были выработаны итоговые рекомендации.


2018 жылдың 23 ақпанында Астана қаласының оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында туристік-өлкетану бағытында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесін өткізу мақсаты Балаларға қосымша білім беру жүйесін сақтау және жаңғырту сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен қарым-қатынас үшін ашық алаң құру болып табылады.
Кеңеске қатысушылар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының, білім және ғылым, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, дін істері және азаматтық қоғам, ішкі істер министрліктерінің, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының, жоғары оқу орындарының, колледждердің, білім беру органдары мен ұйымдарының, республиканың жас туристер, өлкетанушылар орталықтары мен станцияларының, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.
Кеңеске Батыс Қазақстан облысының Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, п.ғ.к., қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО клубтарының мүшесі, А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Халықаралық академиясының вице-президенті Фомин Виктор Павлович қатысып «Туристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, біздің облыстан Ақжайық ауданының туризм және экология орталығының директоры Умбеталиев М.Ж. «Туристік-өлкетану қызметі – білім мен тәрбиенің маңызды құралы» тақырыбында баяндама жасады және Зеленов ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Терехова Г. А., Бөрлі ауданының Жас туристер станциясының директоры Сексенбаева А.С., «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Сакенов Ж.Н.қатысты. Барлығы 10 адам.
Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015-2016 жылға Қазақстан Республикасында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру, «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу, білім беру ұйымдарында туристік-өлкетану қызметінің даму келешегі, «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағытындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту сұрақтарына ерекше көңіл  аударылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту негізінде өңірлерде балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен ұйымдастырушылық нысандарын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Басымдылықтың қатарында өңірдің барлық білім беру ұйымдарында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ететін аудандық, қалалық және облыстық қосымша білім беру ұйымдарының жүйесін құру, мектеп және өңірлік өлкетану мен туристік іс-шараларды өткізу, туристік бағдарларды әзірлеу.
Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің қатысушылары білім беру процесін жаңарту, заманауи технологиялардың трансфертін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, жалпылау және көрсету, республикалық іс-шараларды өткізу сапасын жетілдіру сұрақтарын талқылады. 
Үйлестіру кеңесі қатысушыларымен қорытынды ұсынымдар әзірленеді.

joomla template