ІІ дәрежелі шаңғы жорырығы туралы ақпарат / Информация о лыжном походе 2-ой степени сложности

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сай 2018 жылдың 20-22 ақпан аралығында «Сұңқар», «Спорттық бағдарлаушы» (жет. Нурманов Р.Е.) үйірмешілерінің қатысуымен ІІ дәрежелі шаңғы жорығы өткізілді. Жорыққа Технологиялық колледждің «Туризм нұсқаушысы» мамандығының оқушылары қатысты. Жорық Технологиялық колледжден бастау алып, Жайық өзені арқылы «Хан тоғайына», Рыбцех, «Евразия» ТСК, Белес ауылы, Переметное ауылын қамтыды. Жорықтың жалпы ұзақтығы 58 шақырым. Жорықшылар осы аралықты 3 күнде жүріп өтті. Жорық барысында оқушылар шаңғы жорығы кезіндегі қауіпсіздік, шаңғымен жүру техникасы, жорықтағы туристік дағды және тұрмыс, жорықтағы міндеттер, бағдарлау техникасы т.б сынды теориялық сабақтарда алған білімдері мен колледжде алған білімдерін пысықтап, шыңдады. Біз тоқтап, түнеген Белес, Переметное ауылдарында жорықшыларды қарсы алып, спорттық шаралардан шағын футбол, волейболдан жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Переметное ауылындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру алаңын» тамашалау жорықшыларға тамаша әсер қалдырды. Осылайша жорықшылар қыстың қатал табиғатына төтеп беріп, өз мүмкіндіктерін сынап, жақсы әсермен тарқасты.


Согласно плану областного центра детско-юношеского туризма и и экологии учащиеся кружков совершают лыжные походы.  Лыжный поход 2-ой степени сложности совершили учащиеся кружка «Сұнқар» и «Спорттық бағдарлаушы», руководитель Нурманов Р.Е. с 20 по 23 февраля по маршруту «Технологический колледж – Ханская роща – Рыбцех – ТОК «Евразия» - п.Белес – п.Переметное».  Во время совершения похода учащиеся показали свои умения и навыки приобретенные на занятиях кружка. Учащиеся кружка выражают благодарность администрации шолы п.Белес за организацию встречи с учащиемися школы, а также  руководителю Зеленовского районного отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта М.М.Ажкенову за проведение экскурсии в  музей «Рухани жаңғыру» Дома культуры п.Переметное.

joomla template