Халықаралық ынтымақтастық жылына арналған оқушылардың облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедиция отрядтары слетінің қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының 23 қазанындығы №694 бұйрығына сәйкес экологиялық мәдениетті, сауатты жастарды тәрбиелеуде  туристік-өлкетану қызметінің экологиялық білімін нығайту мақсатында 2013 жылдың 6-8 қараша аралығында «Евразия» туристік лагері базасында облыстық «Жайық – Урал 2013»  слеті өткізілді.

Слет барысында командалар «Оқушылардың «Жайық-Урал-2013» туристік-экологиялық экспедициясының III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы», «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы», «Экологиялық акциялардың өткізу қорытындысы бойынша тұсаукесер-баяндама», «БҚО табиғат ескерткіштері» атты стационарлық экологиялық экспедициясының қорытындысы бойынша іздестіру-зерттеу жұмысы», «Кіші өзендерге – үлкен жол» тақырыбымен стендтерді рәсімдеу», «І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер», «Абаттандыру (көгалдандыру) байқауы бойынша ең үздік аудандық (қалалық) балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы», «Көркемөнерпаздар және визиттік карточкі» байқауларына қатысты.

 

Облыстық «Жайық – Урал 2013»  слетіне 10 команда қатысып, үш аудан қатыспады, олар: Жаңақала, Сырым және Тасқала ауданының командалары. Барлық қатысушылар саны – 60. Білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық аясында слет жұмысына М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ биология кафедрасының оқытушылары, ҚазАТУ-нің оқытушылары және Орал қалалық орман және жануарларды қорғау шаруашылығының қызметкерлері қатысты. Әділқазылар шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз болып танылды.

Жалпыкомандалық есеп:

1орын -  Бөрлі ауданы;

2 орын – Зеленов ауданы;

3 орын –  Ақжайық  ауданы.

 

Слет барысында Деркүл өзені жағалауына 230 тал отырғызылды. Бөрлі, Зеленов, Ақжайық аудандары жарысқа командаларын жақсы дайындаған. Казталов, Шыңғырлау және Бөкей орда аудандары экологиялық туризм бағытындағы жұмысты басты назарға алуы қажет.

joomla template