Халықаралық «Мектеп музейлерінің қызметі арқылы патриоттық және толеранттылық тәрбие беру» конференциясы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ОБЖТжЭО-ның қызметкерлері ,Бөрлі,Зеленов , Жаңақала, Сырым, Тасқала аудандарының,  Орал қаласының  өлкетану бөлімінің меңгерушілері, мектеп музейлерінің жетекшілері, жас туристер станцияларының директорларынан құралған делегация  2017 жылдың 11-13 желтоқсан күндері Ресей Федерациясының Самара қаласында өткен   Самара қаласының білім мекемелерінің  және  Батыс Қазақстан облысының мектеп музейлерінің қызметкерлеріне арналған халықаралық «Мектеп музейлерінің  қызметі   арқылы патриоттық және толеранттылық тәрбие беру» атты конференцияға  қатысты. Конференция барысында Самара қаласының №3 орта метептің этнографиялық музейінің  «Туған ел» тақырыбындағы,  №115 орта мектептің  «Ел қорғаушы-әйелдер» атты  шеберлік сыныптарына қатыстық. Шеберлік сыныптарына жоғары дәрежеде  мектеп музей кешендерінде оздырылды.Самаралық әріптестер шеберлік сыныптарын  әрбір экспозиция бойынша сахналық қойылым ретінде көрсетті. Конференцияның келесі күні Самара Губерналық думасында пленарлық отырыс оздырылды. Отырысқа қалалық мектеп музейлерінің қызметкерлері,Башқұртостан Республикасының туризм, өлкетану және экскурсия орталының қызметкерлері, Самара облысының белді өлкетанушыларымен ғалымдары, Самара және Самара облысының қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлері, Самара Губерниясының депутаты,Самара қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының педагогтары белсене қатысты. Батыс Қазақстан бойынша  ОБЖТжЭО-ның «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінің меңгерушісі Р.Альмуханова-«Балалар туризмі музейі – толеранттық тәрбие беру орталығы» тақырыбында және БҚО-ның, Тасқала ауданының Амангелді ОЖББМ-нің мектеп музейінің жетекшісі Б. Дарменова - «Мектеп музейі –оқушылардың өлкетанулық ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығы» атты тақырыптарда баяндама жасады.
Семинардың жалғасы  Самара қаласының мәдени ошақтарына соның ішінде, «Сталин бункері», А. Толстойдың атындағы  әдеби музейіне, П.В. Алабин атындағы  өлкетану музейіне, «Радуга» көрмелеріне  экскурсия жасаумен жалғасты. Конференция барысында мектеп музей белсенділерінің жұмысы  болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі және жалпы мектептің  тәрбие жұмысындағы  атқаратын ролі зор екендігіне тәнті болдық.     
Музей жетекшілерінің экспозиция құрастырудағы ұшқыр қиялдарымен музей жұмысындағы кәсіби шеберліктері үлкен әсер қалдырды Жалпы  Самара қаласының мектеп музейлерін бір сөзбен «Жанды музейлер» деп атауға болады. Педагогтар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.


Международная  конференция образовательных учреждений.

11-13 декабря 2017 года делегация ЗКО в лице заведущих отделов, заведущих школьных музеев и директора станции  юных туристов посетила город Самара (РФ). Тема международной конференции образовательных учреждений городского округа Самара  и Западно-Казахстанской области Республики Казахстан : « Воспитание патриотизма  и толерантности  средствами  школьного  музея».
В рамках конференции наша делегация посетила школу № 5 им.героя советского союза В.Фадеева и побывала  в  этнографическом музее «Родная Старина»  и  на мастер-классе.
Также посетили школу № 155 - музей боевой славы «Женщина на защите Родины 1941-1945»  и  мастер-класс  по театрализованным экскурсиям .
Впечатления  произвел также  музей     «Бункер-Сталина» , СОИКМ им.П.В Алабина и ВЦ «Радуга.

12 декабря  состоялось пленарное заседание в Самарской губернской  Думе.
От Западно-Казахстанской области с докладом выступили – Дарменова Ботагоз Темиржановна- руководитель школьного музея СОШ Амангельды  с темой: « Школьный музей- центр исследовательской краеведческой  работы с учащимися».
Заведующая  отделом  краеведения  и  региональных отношений областного центра туризма и экологии  управления образования акимата Западно-Казахстанской области – Альмуханова  Райгуль Сангалиевна с темой:            « Музей детского туризма-центр воспитания толерантного сознания учащихся».
Участники конференции -  руководители  отделов образования и методисты музейной работы городского округа Самара (РФ) , Западно-Казахстанской области (РК), представители Башкирского Республиканского центра туризма краеведения и экскурсий, ведущие краеведы ,ученые Самарской области, представители общественных организаций г.Самары  и Самарской области, Депутаты Самарской Губернской Думы.


joomla template