Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Досқалиева Надежда Саданқызы

- облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының тәжірибелі маманы. Ол 1956 жылдың 1 тамызында Акжайық ауданы Жұбан ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Мерген орта мектебін бітірді. 1973-1977 жылдар аралығында Украинаның Черкасс Мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, филология факультетін тамамдайды. 1977-2001 жылдар аралығында Жаңақала ауданында орыс тілі мен әдебиетінен, ал 2001-2007 жылдары Орал  гуманитарлық колледжі студенттеріне дәріс берді. 2007-2008 жылдары  облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. «Сыр тұнған Сырым елі», «Жайық-Нарын» туристік-өлкетану экспедициясын алғаш ұйымдастырып, «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі, «Менің Отаным - Қазақстан» слеті мен мектеп музейлерінің т.б. қызметін  жүйелі ұйымдастырды.

 

2012-2015 жылдары директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары, 2015-2017 жылдары әдіскер болып қызмет етті. «Туристік-өлкетану қызметі арқылы жеке тұлғаны еуразиялық мәдениетке тәрбиелеу», «Білім. Туризм. Интеграция» халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары», «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру барысында патриоттық тәрбие берудегі туристік-өлкетану қызметінің рөлі» тақырыбындағы бірыңғай педагогикалық кеңестің жинағы,  «Квест-игра – как эффективная форма организации образовательной деятельности» әдістемелік нұсқауларын шығарып, облыс, республика, халықаралық дәрежеде орталық жұмысын насихаттауға үлкен үлес қосты.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2017 жылы 12 қаңтарда Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану қызметін дамытудағы еңбегі үшін «Орал өңірі балалар туризмін дамытқаны үшін» төс белгісі табыс етілді.

 

joomla template