Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Жұматова Меңзипа Дүйсенбайқызы

А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (қазіргі Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген.
Еңбек жолын Первомай мектеп - интернатында аға тәлімгер қызметінен бастаған (1974-75). Кейіннен Алғабас ауылындағы Киров орта мектебінде тарих пәнінің оқытушысы (1980-84ж.), Киров орта мектебі жанындағы интернат меңгерушісі (1984-86ж.), Алғабас орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1986-1996), 1996-97 ж. Чапаев ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1990 жылғы Қазақстан Компартиясының XVII съезінің делегаты, 1989-94 жылдары бірнеше мәрте аудандық Кеңестің депутаты болды. 1984 жылы Шымкентте өткен мұғалімдердің XVIIІ Республикалық педагогикалық оқуларына қатысып, 1990 жылы Одақтық халыққа білім беру Комитетінің Құрмет грамотасымен, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1993).
1998 жылы Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің 2 Форумына қатысып, 2001 жылы ҚР Президентінің және облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
1997 жылдың шілде айынан Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары.
2016 жылы Батыс Қазақстан облысыныдағы туристік-өлкетану қызметін дамытудағы еңбегі «Орал өңірі балалар туризмін дамытқаны үшін» төс белгісімен бағаланды.

joomla template