Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Танабаева Сара Есқайырқызы

Сара Есқайырқызы бар ғұмырын халықтың асыл мұрасын болашақ ұрпақ үшін жинап, насихаттау ісіне арнаған жан.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1969 жылдан бері 41 жыл қызмет істеді, соның ішінде 24 жыл бойына облыстық музейді басқарды.
Сара Есқайырқызының авторлығымен «Батыс Қазақстанның ежелгі археологиялық қазыналары», «Келбет» атты және т.б. кітаптар жарық көрді. Санкт-Петербор, Астрахан, Қазан, Орынбор қалаларының мұрағаттарында жұмыс істеп, Е.Пугачев көтерілісіне, татар ақыны Ғ.Тоқайға қатысты көптеген құнды құжаттар мен жәдігерлерді музей қорына түсірді. Осы жиналған жәдігерлер негізінде 2006 жылы Орал қаласында Ғ.Тоқай музейі жабдықталып, іске қосылды.
Сара Есқайырқызы музей саласына арнаған еңбек жолының соңғы 2  жылы облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының «Балалар туризмінің тарихы» музейінің жетекшісі болды. Облыс мектептерінде мектеп музейлерін ашу, оларға кәсіби әдістемелік көмек беру,  «Балалар туризмінің тарихы» музейін қайта құру жұмысына басшылық етті.
Сара Есқайырқызы өлкетанушы, тарихшы, зерттеуші, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.
2012 жылы «Орал өңірі балалар туризмін дамытқаны үшін» төс белгісімен марапатталды.

joomla template