Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Үмбеталиев Максим Жаншаүлы

Батыс Қазақстан облысыАқжайық  ауданы Чапаев ауылыАқжайық аудандық туризм және экология орталығының директоры.
Білім саласында 37 жыл еңбек етуде.
Үмбеталиев Максим Жаншаұлы аудандық туризм және экология орталығы 2005 жылы ашылғаннан бері басқарып келеді. Максим Жаншаұлының басқаруымен аудандық мектеп жанындағы туризм, өлкетану және экология үйірмелерінің оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орынға ие, аудандық туризм орталығы облыстық рейтингіде соңғы сегіз жыл бойы көш басында.
Максим Жаншаұлының бастауымен Республикалық спорттық туристтік «Джунгария-2012» жорықтар туриадасында ІІ санатты тау жорықтары сайысында ІІ орын, «Джунгария-2014» жорықтар туриадасында ІІІ санатты тау жорықтары сайысында І орын, сонымен қатар РФ, Башкирия Республикасына ІІІ санатты су жорығына қатынасып халықаралық туристтік қатынастардың дамуына үлес қосуда.
Максим Жаншаұлы ҚР туризмнің құрметті қызметкері, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбегі сіңірген қызметкері, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалінің  иегері.
2013 жылы Батыс Қазақстан облысында туристік-өлкетану жұмысындағы еңбегі «Орал өңіріндегі балалар туризмін дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгімен бағаланды.

joomla template