Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Сексенбаев Ержан Саинұлы

Сексенбаев Ержан Саинұлы еңбек жолын Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 жалпы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып  бастады. 
2000 жылы Бумакөл орта мектебінде мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды.
2007 жылы Ақсай қаласында «Арман» балалар шығармашылық үйінде туризм бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, туризм саласында егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын дені сау азамат етіп тәрбиелеуде еңбектенді.
2009 - 2011 жылдары Бөрлі ауданында ашылған «Жас туристер станциясы» орталығының директоры қызметін атқарды.
Мұғалімнің  туристік-өлкетанулық қызметті дамыту барысында атқарып келе жатқан еңбегі аса зор, ұйымдастырушылық қаблеті биік еді.
Ержан Саинұлы және оның тәрбиеленушілері аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінді: облыстық XXXXVII-ші оқушылар арасындағы жаяу туризм жарысында I-ші орын,  IV-ші Облыстық «Әкем, анам және мен саяхатшылар отбасы» жарысында  Ержан Саинұлының  отбасы I-ші орын.
2006 жылы «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясына қатысты.
2010 жылы өткен Орал өңіріндегі балалар туризмінің 50 жылдығына арналған I-ші облыстық туризм орталықтарының қызметкерлері арасында өткен  жаяу туризм техникасы жарысында «Туристік-өлкетану қызметі бойынша ең үздік директоры» байқауында I-ші орынды жеңіп алды.
Ержан Саинұлы  балалар мен  жасөспірімдер туризмін дамытуда зор үлес қосқаны үшін аудандық білім беру бөлімінің, туризм және балалар шығармашылық үйінің және Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. 
Ержан Саинұлы ұйымдастырушы,өз ісіне тиянақты, қайсар, ізденімпаз ұстаз болды.
2012 жылы «Орал өңірі балалар туризмін дамытқаны үшін» төс белгісімен марапатталды.

joomla template