Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Ғайнушева Сания Ғайнушқызы

Ғайнушева Сания Ғайнушқызы өмірі мен білімін жас ұрпақ тәрбиесіне адал арнаған жан.
1967-1980 жылдары Абай атындағы мектеп-интернатта тәлімгер,  1980-1997 жылдары ауданда Пионерлер үйінің директоры, 1997-2003 жылдары А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің директоры қызметін атқарған.
1982 жылдан бері Жәнібек аудандық жасөспірімдер ортасында Интернационалдық достық клубына жетекшілік етіп, Ресей елдерімен іс-тәжірибе алмасып, форумдарға қатысып, өз еңбегін жалғастыруда. 2009 жылы облыстық «Мәңгі бірге» атты өлкетану-экспедициялық слетіне қатысып  I орынға ие болды.
2011 жылы облыстық «Мәңгі бірге»атты өлкетану-экспедициялық слетіне қатысып I орынға ие болды.
1972    жылы Лениншіл комсомол жастар Одағының лауреаты атанды.
«Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісінің иегері, 2012 жылы «Қосымша білім беру жүйесіндегі даңқты 100 есім» жинағына енді, 2016 жылы «Орал өңіріндегі балалар туризмін дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгімен марапатталды.

joomla template