Нагрудный знак детского туризма Приуралья

Бисемалиев Самиғолла Құбайұлы

Жоғары санатты қосымша білім беру педагогы. 
1987 жылдан бастап облыстық жас туристер станциясында үйірме жетекшісі болып еңбек етуде. 1988 жылы Зеленов ауданы - Целинный совхоздарына шаңғыдан І қиындық дәрежесіндегі жорық , кейіннен 1 және 2 күндік Круглоозерный ауылындағы туристік базаға шаңғы жорығын және  «Жайық өзенімен Рубежка – Орал» маршрутымен су жорығына қатысты. «Жайық-Урал» экологиялық экспедициясына үнемі қатынасып келеді.  1991 жылдары І-ші қиындық дәрежесіндегі Батыс Тянь-Шань тауына онкүндік тау туризмі бойынша  жорық жасалса, ал  1992 жылы Ресей федерациясының Алтай тауында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып өткізілген жаяу туризм және спорттық бағдарлау жарысына қатысып, жарыстан соң І қиындық дәрежесіндегі Алтай тауына үйірме оқушыларымен жорық жасалды. Ал 1993 жылы  «Партизандар ізімен» тақырыбында Белоруссия еліне І-ші қиындық дәрежесіндегі шаңғы жорығында іздестіру- зерттеу мақсатында Ленинград блокадасына қатысқан қарт кісімен кездесіп, оқушылар көп ойлар түйідеп, көптеген мәліметтер жинақталды.
Туризм бойынша қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, Халықаралық жарыстарға қатысып, жылсайын   Ресейдің: Москва, Калининград, Оренбург, Саратов; Украинанын: Харковь, Прибалтиканын -Вильнюс, Кавказдың –Абхазия, Өзекстанның – Ташкент қалаларына  саяхат жасайды.
Батыс Қазақстан облысыныдағы туристік-өлкетану қызметіндегі еңбегі Қазақстан Білім Министрлігінің Құрмет грамоталарымен,  2012 жылы «Орал өңірі балалар туризмін дамытқаны үшін» төс белгісімен бағаланды.

joomla template