Облыстық балалар-жасөспірімдер туризміжәне экология орталығының «Балалар туризмі тарихы» музейі

Мекен-жайы: Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1 52-59-42
Бағыты: туристік-өлкетану
Музейдің ашылуы: 1995 ж.
Музей жетекшісі: Атаньязова Г.Е.
ҚР-ның бойынша қосымша білім беру мекемелерінің арасында алғашқы  мекемелердің бірі саналатын Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 1960 жылы  ашылды. Республикадағы  37 балалар туризмі орталықтарының 14-і біздің облыста. Музей 1995 жылы туризм ардагері – Галина Филипповна Славцованың бастамасымен ашылды. 2015 жылы  Халықаралық дәрежеде мемлекеттік музей рестовраторы «Дара» фирмасының суретшілері Алмас Жансүгіров  пен Бегалі Көшербаевтың көмегімен қайта жасақталды.
Мақсаты: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ашылған күнінен қазіргі күнге дейінгі қызметін экспозицияда ғылыми негізделген, көркемдеп көрсету. Орал өңірінің терең тарихы, танымал оқиғалары көптеген ғалымдар мен тарихшылардың, зерттеушілердің назарын аударғаны белгілі. Қазіргі кезде де өлкенің бай табиғатына қызығушылық ортаймаған. Өлкеміздің Европа мен Азияның шекарасында орналасуы, су ресурстарының мол қоры балалар туризмін, сонымен бірге сыртқы туризмді дамытуға мол мүмкіндік береді. Музейде орталықтың жарты ғасырлық  тәжірибесінің арқасында көптеген жәдігерлер жинақталған. Қазіргі таңда музей қорында 1570 негізгі және қосымша жәдігерлер сақталуда.

Экспозициялық бөлімдер:
«Орал өңірі – балалар туризмінің өнегелі ордасы»
«Менің Отаным - Қазақстан»

Жәдігерлерге қысқаша сипаттама:
Музейде туризм ардагерлері пайдаланған жеке заттары мен фото - газет материалдары, наградалары мен грамоталары, жорықтар мен экспедициялардың есептері, альбомдар мен балалар туризмін насихаттайтын журнал, кітаптар жинақталған. Экспозицияларға оқушылардың туристік-өлкетанулық жазбаша дереккөздері мен киім-кешектері, көрнекті бейнелеу мен графикалық материалдары, жорық кезінде  табылған жәдігерлері қойылған. Сирек кездесетін заттай деректер - патефон, «Альфа» кинокамерасы,  «Урал» репортативті радиостанциясы,  көбейтіп шығаратын ротатор машинкасы,  тұрмыстық заттар, Азамат және ҰОС-ның қару-жарақ қалдықтары, пионер ұйымының атрибуттары, төсбелгілер, вымпелдар, жеңімпаздардың кубоктары мен медальдары сақталған. Елімізде  Тәуелсіз мемлекетіміздің тез өркендеуіне байланысты  жаңа технологиялар енгізілуде.  Біздің музейде  де туризмнің әр түрлі кезеңдеріне байланысты жаңа көрмелер, витриналар жаңартылды. Музейде Облыстық археология орталығымен бірігіп жұмыстанған үйірмешілердің музей қорына қосқан экспонаттары мен жаңа деректері көрсетілген «Тылсым ғасырлардың үнсіз куәгерлері» , профессор, педагогика ғылымының докторы, балалар туризмі методикасының негізін қалаушы А.А.Остапец-Свещниковқа арналған «Туризмге арналған ғұмыр», Ұлы Отан соғысына қатысқан балалар мен жерлестердің ерлігін паш ететін «Соғыс балалары» экспозициялары жасақталды.
2016 жылы Балалар туризмі тарихы музейіне 2 144 адамға  (оның ішінде 1554-і оқушы, 152-і студенттер, 438-сі үлкендер, оның ішінде 45-і шетелдіктер)  экскурсия жасалды. Әр түрлі атаулы күндерге арналған көпшілік - ағарту шараларымен қоса 7 көрме ұйымдастырылып, 2 лекция оқылды. Сонымен бірге 115 тақырыптық және жалпылама экскурсия жасалды.


Адрес: ОЦДЮТи Э, Музей истории детского туризма
Профиль музея: туристско- краеведческий
Дата открытия: 1995 год
Руководитель музея: Атаньязова Г.Е
Областной центр детско-юношеского туризма и экологии ЗКО открыт одним из первых учреждений дополнительного образования РК в 1960 году. Из 37 Республиканских центров детского туризма, 14 находятся в ЗКО. В 1995 году, по инициативе ветерана туризма, Галины Филипповны Славцовой, был создан Музей истории детского туризма. В 2015 году   музей был отреставрирован   ведущими художниками:  Алмас Жансугировым  и Бегалы Кошербаевым республиканской фирмы «Дара», занимающейся дизайном многих государственных  музеев Казахстана и за его пределами.
Основная цель и задача музея:
Создание научно-обоснованного, предметно-документального художественного образа экспозиции, отражающей деятельность Центра детско-юношеского туризма и экологии со дня основания и по сегодняшний день.
Богатое, насыщенное историческими событиями Приуралье, всегда привлекало пристальное внимание многих ученых, исследователей и путешественников. И в наши дни не ослабевает интерес к богатой природе края. Уникальное расположение области на границе Европейской и Азиатской части континента, с огромными водными ресурсами, делают ее возможности безграничными для развития как детского, так и взрослого туризма. За  полувековой период деятельности центра накопилось огромное количество материалов музейного значения. В настоящее время в музее насчитывается более 1570 экспонатов основного и вспомогательного фондов.

Основные разделы  экспозиции:
«Приуралье- край детского туризма»
«Моя Родина - Казахстан».

Краткая характеристика экспонатов:
Подлинные документы, фото, газетные материалы, награды, грамоты ветеранов туризма и краеведения.Собраны  личные вещи ветеранов туризма, альбомы и рапорта, схемы и фотографии с туристских походов и экскурсий, экспедиций, материалы с туристско-краеведческих и экологических мероприятий, журналы, книги, освещающие историю туризма, краеведения и экологии родного края. Также представлены изобразительные, вещевые и письменные источники,  наглядно- изобразительные и графические материалы, отражающие туристско-краеведческую деятельность школьников, экспонаты, найденные  во время походов, экспедиций. В музее имеются редкие (вещественные) источники, такие как патефон, кинокамера «Альфа», репортативная радиостанция «Урал», множительная ротаторная машинка, предметы быта,  детали оружия  времен гражданской и Великой Отечественной войн, атрибуты пионерской организации, значки, вымпела, кубки и медали призеров.
В нашем музее  имеются коллажи и  витрины, посвященные разным периодам развития туризма: «Безмолвные свидетели старины», отражающие деятельность кружковцев по археологическим экспедициям, совершенным совместно с Центром Археологии; «Жизнь, посвященная туризму» - труды и личные вещи основоположника педагогики детско-юношеского туризма и краеведения, профессора, доктора педагогических наук А.А.Остапца-Свещникова; «Дети войны» -  о детях-участниках Великой Отечественной  Войны.
За 2016 год музей Истории детско-юношеского туризма и экологии посетили 2144 человек (из них 1554 учащихся, 152 студентов, 438 взрослых, в том числе 45 граждан иностранных государств).
Наряду с массово-просветительскими мероприятиями, посвященными  знаменательным датам,  организовано 7 выставок, прочитано 2 лекции, проведено 115 обзорных и тематических экскурсий.

joomla template