Мероприятия

Күмбірлесін қазақтың домбырасы!/Национальный день домбры - ДА!

Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра. Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық Домбыра» күні болып жарияланды. Бұл дегеніміз қазақ еліндегі қазақ мәдени музыкасының тарихын қастерлеудегі Рухани жаңғыру бағдарламасының бір тетігі деп білеміз.
Осы орайда облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы кітапханасының ұйымдастыруымен 1-ші шілде күні «Самал» сауықтыру лагеріндегі демалушы оқушылармен «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында ұрпағымыздың рухани қаруы болған ұлттық домбыраның құрылымы, шығу тарихы, жасалуы және күйшілер туралы айтылды. Сонымен қатар, «Домбыра - дастан» атты кітап көрме ұсынылып, домбыра өнері туралы кітаптарға шолу жасалды. Демалушылар көрмедегі кітаптармен және мерзімді басылымдардағы домбыра туралы мақалалармен танысты. Шараға 60-тан астам оқушылар қатынасты.
Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспабын қастерлеу арқылы өнерге бейімдеу, сүйіспеншілігін, ынтасын арттыруды көздеген шара өз мақсатына жетті.


В Казахстане каждое первое воскресенье июля, с этого года, отмечается национальный праздник - день домбры. Соответствующий указ подписано президентом РК Нурсултаном Назарбаевым.
В ТЛ "Самал" день домбры совпал с открытием 3-й смены летнего лагеря! Поэтому не только ребята подготовили программу к открытию, но и сотрудники библиотеки областного центра детско-юношеского туризма и экологии - клуб ЮНЕСКО подготовили мероприятие «Күмбірлесін қазақтың домбырасы», посвященное новому национальному празднику, рассказали об особенностях этого замечательного казахского двухструнного щипкового инструмента, о его роли в формировании национальной культуре казахов. Также был проведен библиографический обзор книг «Домбыра - дастан.

joomla template