Мероприятия

«Туризмге арналған ғұмыр» еске алу кеші/Жизнь, посвященная туризму!

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен балалар туризмі тарихы музейінде Москва балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының негізін салушы, Президенті, «Халық ағарту ісінің үздігі», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Александрович Остапец-Свешниковтың (12.06.1928-2002 ж.ж.) 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Ол балалар туризмі педагогикасы мәселелері туралы 200-ден аса монография, оқулықтар мен бағдарламалардың авторы, көптеген докторанттар мен аспиранттардың ғылыми жетекшісі (21) болған адам.
Шара барысында мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қосымша білім беру педагогтары, студеттер қатысқан шараға КазИТУ проректоры Н.А.Сорокин, туризм ардагері Р.Абдушева сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. 2018 жылғы №3 «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы «Балалар туризмінің Менделееві» деген атаумен А.Остапец-Свешниковтің өмірі мен шығармашылығына арнап шығарылды. Әсіресе, қатысушылар музей жетекшісі Г.Е.Атаньязованың экскурсиясы арқылы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы толық танысты.


В музее Истории детского туризма при Областном центре детско-юношеского туризма и экологии-клуб ЮНЕСКО состоялся музейный час к 90-летию со дня рождения А.А.Остапца-Свешникова «Жизнь, посвященная туризму».
​На вечер памяти основоположника детско-юношеского туризма и краеведения, основателя и первого президента Московской академии детского туризма Александра Александровича Остапца-Свешникова собрались педагоги дополнительного образования и студенты. Мероприятие начали с возложения цветов к мемориальной доске А.А.Остапца-Свешникова, расположенной на территории ОЦДЮТиЭ. Перед аудиторией выступили зам.директора ОЦДЮТиЭ Адилова А.Б, проректор КазИТУ Сорокин Н.А, ветеран туризма Абдушева Р.Ж. С выставкой книг и брошюр трудов А.А.Остапца-Свешникова ознакомила руководитель музея Атаньязова Г.Е.
Огромное педагогическое наследие педагога, туриста, писателя, журналиста, менеджера, спортсмена, путешественника, исследователя А.А.Остапца-Свешникова живет в его последователях, привлекая все большее количество детей в удивительный мир туризма. К юбилейной дате был выпущен специальный выпуск научно-методического журнала «Сокпак-Тропинка», полностью посвященный памяти Учителя всех туристов.
Помним! Учимся! Стремимся!

joomla template