Мероприятия

Халықаралық «Мектеп музейлері тәжірибесі мен проблемалық мәселелері. Музей қоры: қалыптастыру, есепке алу, сақтау және экспонатты орналастыру» семинары нәтижелі өтті.

2017жылдың 26 - 28 мамыр аралығында Облыстық  балалар  мен  жасөспірімдер туризм және экология орталығында Халықаралық «Мектеп музейлерінің тәжірибесі мен проблемалық мәселелері. Музей қоры: қалыптастыру, есепке алу, сақтау және экспонатты орналастыру» атты семинар өткізілді. Семинарға Самара облысынан 26 музей жетекшілері мен әдіскерлері және облысымыздан  32 мектеп музей жетекшілері мен өлкетану бөлімінің меңгерушілері қатысты. Пленарлық бөлімі Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектеп музейінде «Музей қоры: қалыптастыру, есепке алу, сақтау және экспонатты орналастыру» тақырыбында /музей жетекшісі Алышева Надежда Ивановна/ және М.Шолохов музей кешенінде «М.Шолохов және балалар»  тақырыбында/ ОБЖТжЭО-ң жоғары санатты қосымша білім беру педагогы Павлюк М.Э./ шеберлік сағаттарын көрсетіп, өздерінің іс - тәжірибелерін жан-жақты түрлі әдістерді көрсетіп, әдіс алмасты. Семинар барысында мектеп музейінің қызметі, кездесетін қиындықтар мен өзара тәжірибе алмасуды жолға қою үрдісі әңгіме арқауына  айналды. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.П.Фомин мен Самара балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының директоры Лайкова Елена Гавриловна балалар туризмін дамыту туралы және мектеп музейлері қызметін  дамытуда іс тәжірибе алмасу туралы екі жақты келісім шартқа қол қойды.
Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімі


Международный семинар методистов музейной работы «Опыт и проблемы школьных музеев.  Музейный фонды: хранение, учет, формирование, экспонирование»

С 26-28 мая 2017 года на базе ОЦДЮТиЭ ЗКО прошел  Международный семинар методистов музейной работы «Опыт и проблемы школьных музеев.  Музейный фонды: хранение, учет, формирование, экспонирование».
Открытие  Международного семинара состоялось в актовом зале ОЦДЮТиЭ.
На пленарной части семинара  были заслушаны 10 докладов по фондовой работе музеев образовательных учреждений с показом слайдов, видеороликов о деятельности музеев городского округа Самара и Западно-Казахстанской области Республики Казахстан. Был подписан Меморандум между ЦДЮТиЭ г.о Самара и ОЦДЮТиЭ ЗКО РК. Секционные части семинара состоялись в СОШ  п.Круглоозерное.  Проведен тренинг, экскурсия в игровой форме, практическое занятие по оформлению экспонатов. В музейном комплексе М.А.Шолохова гостей встретили театрализованным представлением «Пушкинский бал», провели экскурсию по музею и  музейный урок «Детская тема в произведениях Шолохова».
За  «круглым столом» была принята Резолюция по итогам семинара.
На семинаре приняли участие 58 методистов музейной работы, руководители школьных музеев.



joomla template