Мероприятия

В память о великом учителе!/Ұлы ұстаз рухына

29.11.18 21:45

В этом году исполнилось 90 лет со дня рождения выдающегося организатора туристско-краеведческой деятельности среди детей и юношества в СССР и на постсоветском пространстве, ученого и писателя Александра Александровича Остапца-Свешникова. В этом же году отмечается 100 лет, как в 1918 году в школах молодой Советской республики стала создаваться система дополнительного образования детей.
Эти даты стали главными темами традиционных «Остапцовских педагогических чтений», прошедших 28 ноября в Западно-Казахстанском областном центре детско-юношеского туризма и экологии -клуб ЮНЕСКО. В чтениях, вместе с сотрудниками ОЦДЮТиЭ, приняли участие также представители Бурлинской и Зеленовской районных станций детского туризма. Приветственное письмо участникам мероприятия прислала из Москвы дочь А. А. Свешникова, Наталия Корнеева, которая сегодня продолжает дело отца. Был показан документальный фильм «Товарищ мужчина», рассказывающий о выходе Александра Александровича в поход с юными туристами.

Читать полностью

 

«Рухани жангыру ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты/Музейный час «Рухани жангыру ұлттық сананы жаңғырту»

29.11.18 20:45

ОБЖТжЭО-ның «Балалар туризмі тарихы » музейінде «Рухани жаңғыру ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты өтті. Музей сағатына «Жайық жұлдыздары», «Жас геолог», «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің оқушылары қатысты.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде, біз жыл басында Республикада бірінші болып ашылған «Рухани жаңғыру» музейінің қызметкерлерінің қатысуымен музей сабағын өткізіп, «Балалар туризмі тарихы» музейінде көрме ашып, «Самал» лагерінде киіз үйде «Рухани жаңғыру-ұлттық жаңғыру» тақырыбында фольклорлық шара өткіздік.
23 қараша күні «Рухани жаңғыру –ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналады. Елбасы мақалада: Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»,- деп атап өткен. Болашақ ұрпақ төл тарихын, салт-дәстүрімізді білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын болып қалыптасуы қажет.

Читать полностью

   

Күмбірлесін қазақтың домбырасы!/Национальный день домбры - ДА!

02.07.18 21:20

Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра. Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық Домбыра» күні болып жарияланды. Бұл дегеніміз қазақ еліндегі қазақ мәдени музыкасының тарихын қастерлеудегі Рухани жаңғыру бағдарламасының бір тетігі деп білеміз.
Осы орайда облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы кітапханасының ұйымдастыруымен 1-ші шілде күні «Самал» сауықтыру лагеріндегі демалушы оқушылармен «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында ұрпағымыздың рухани қаруы болған ұлттық домбыраның құрылымы, шығу тарихы, жасалуы және күйшілер туралы айтылды. Сонымен қатар, «Домбыра - дастан» атты кітап көрме ұсынылып, домбыра өнері туралы кітаптарға шолу жасалды. Демалушылар көрмедегі кітаптармен және мерзімді басылымдардағы домбыра туралы мақалалармен танысты. Шараға 60-тан астам оқушылар қатынасты.
Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспабын қастерлеу арқылы өнерге бейімдеу, сүйіспеншілігін, ынтасын арттыруды көздеген шара өз мақсатына жетті.

Читать полностью

   

«Туризмге арналған ғұмыр» еске алу кеші/Жизнь, посвященная туризму!

13.06.18 16:34

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен балалар туризмі тарихы музейінде Москва балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының негізін салушы, Президенті, «Халық ағарту ісінің үздігі», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Александрович Остапец-Свешниковтың (12.06.1928-2002 ж.ж.) 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Ол балалар туризмі педагогикасы мәселелері туралы 200-ден аса монография, оқулықтар мен бағдарламалардың авторы, көптеген докторанттар мен аспиранттардың ғылыми жетекшісі (21) болған адам.
Шара барысында мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қосымша білім беру педагогтары, студеттер қатысқан шараға КазИТУ проректоры Н.А.Сорокин, туризм ардагері Р.Абдушева сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. 2018 жылғы №3 «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы «Балалар туризмінің Менделееві» деген атаумен А.Остапец-Свешниковтің өмірі мен шығармашылығына арнап шығарылды. Әсіресе, қатысушылар музей жетекшісі Г.Е.Атаньязованың экскурсиясы арқылы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы толық танысты.

Читать полностью

   

«Ақжайықтың жанашыр тұлғасы»/Любить свой край!

17.05.18 20:40

Облыстық балалармен жасөспірімдер мен туризмі және экология орталығында – клуб ЮНЕСКО.Өлкетанушы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Ақбаев Жайсаңмен «Ақжайықтың  жанашыр  тұлғасы» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешке қосымшы білім беру педагогтарымен оқушылар қатысып кеш қонағы Жайсаң Досболатұлына өміржолы, атқарған қызметтері жөнінде сұрақтар қойып өлкетанушы ардагердің өткен өмір жолы, қызметтері және өңір қаламгерлерімен кездескені туралы айтып сыр-бөлісті.

Кеште Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.П.Фоминде өзінің өлкетанушы ардагерге Ақжайық өңіріне өлке тарихының тамыршысы болғанын жаны жайсаң ағаның жарқын істері, халқына деген сүйіспеншілігі, ел алдындағы қалтқысыз қызметтері өскелең ұрпаққа мол тарихи мұра екенін айта отырып әрдайым оның есімі жас ұрпақ туристер жадында екенін жүрекжарды лебізін жеткізіп «Жас турист» төс белгісін сый ретінде табыс етті.

Читать полностью

   

Страница 1 из 3

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 Следующая > Последняя >>
joomla template