Мероприятия музея

«Туризмге арналған ғұмыр» еске алу кеші/Жизнь, посвященная туризму!

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен балалар туризмі тарихы музейінде Москва балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының негізін салушы, Президенті, «Халық ағарту ісінің үздігі», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Александрович Остапец-Свешниковтың (12.06.1928-2002 ж.ж.) 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Ол балалар туризмі педагогикасы мәселелері туралы 200-ден аса монография, оқулықтар мен бағдарламалардың авторы, көптеген докторанттар мен аспиранттардың ғылыми жетекшісі (21) болған адам.
Шара барысында мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қосымша білім беру педагогтары, студеттер қатысқан шараға КазИТУ проректоры Н.А.Сорокин, туризм ардагері Р.Абдушева сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. 2018 жылғы №3 «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы «Балалар туризмінің Менделееві» деген атаумен А.Остапец-Свешниковтің өмірі мен шығармашылығына арнап шығарылды. Әсіресе, қатысушылар музей жетекшісі Г.Е.Атаньязованың экскурсиясы арқылы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы толық танысты.

Читать полностью

 

«Жер бетіндегі сұлулықты сақтаймыз» / «Сохраним красоту природы родного края»

Балалар туризмі тарихы музейінде бүгін (28.02.2017) тағы да қызықты жылжымалы көрме өз жұмысын бастады.  Табиғат және экология музейінен әкелінген жәдігерлер – қызыл кітапқа енген аң-құстардың муляждары, әр түрлі құстардың суреттері бар плакаттар, қызықты экскурсия көрме тамашалаушы балаларды баурап алды. Әсіресе балпақ тышқан, шағала, қосаяқ, ондатра, әупілдек, қасқалдақ, бекіре балық, кірпі, қызылбас сүңгуірлердің муляждарына балалар қатты қызықты. Экскурсия жүргізуші музей меңгерушісі Айгүл Омарғалиқызы Жұмағазиеваға сұрақ қойып, өлке экологиясы, флорасы мен фаунасы туралы білімдерін молайтты. Көрме біздің орталықта 3 наурызға дейін болады.


Под таким названием с 28.02- 03.03 2017 года в музее Истории детского туризма проходит передвижная выставка из фондов музея Природы и Экологии. На выставке представлены редкие животные и птицы, плакаты с животными из Красной Книги Казахстана: ушастый ежик, ондатра, выпь, барсук и др. Открытие выставки состоялось с участием кружковцев и учащихся сош №39. Содержательная и познавательная экскурсия заведующей музеем Природы и Экологии Жумагазиевой Айгуль Умаргалиевны увлекла детей в мир флоры и фауны нашего родного Приуралья.

Читать полностью

   

«Жүрек қалауымен турист» музей сағаты / Музейный урок «Турист по зову сердца»

Бүгін 2017 жылғы 23 ақпан күні  балалар туризмі тарихы музейінде «Жүрек қалауымен турист» атты  музей сағаты өтті. Музей сағаты туризмнің ардагері Ю.Н.Новозенконың туған күніне (80 жасқа) арналды. Шара барысында сексеннің сеңгіріне шыққан ардагердің замандастары, қызметтестері А.Г.Запрометов, Г.Ф.Славцова, Н.М.Юдина, Р.Ж.Абдушева, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұжымы мен басшысы В.П.Фомин және Орал сервиз технологиялық колледждің студенттері ( жетекш Жұмағазиев Ж.) қатысты.
Юрий Никитович Новозенко - турист, өлкетанушы, МХБЖТжӨА профессоры. екінші санатты төреші,  «Табиғат және қиял» ағаштан  жасалған  коллекциясының авторы, «Соқпақ-Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдың белсенді жазушысы. Ол1969 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін қалалық және облыстық туристік-өлкетану шараларын ұйымдастырып өткізуге белсенді қатысады. Ардагер әлі күнге шейін өз білгендерін жас туристерге үйретуде.

Читать полностью

   

Балалар туризмі тарихы музейінде мемлекеттік музейлердің танымдық жылжымалы көрмесі басталды!

16-18 қаңтарда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған самаурындар көрмесі ашылды. «Самаурындар сәулесінің жарқылы.. » атты көрмені ОБЖТжЭО-ның үйірмешілері, мектеп музейінің жетекшілері,  үйірме жетекшілері, тарихшылар мен өлкетанушылар тамашалады. Е.Пугачев музейінің меңгерушісі В.Нажимединованың экскурсиясы қатысушылардың самаурын туралы білімін кеңейтті.
Келесі «Жер бетіндегі сұлулықты сақтайық!» көрме ақпан айында табиғат және экология музейінен әкелінеді.

Читать полностью

   

«Білім беру ұйымы мұражайларының оқушылардың патриотизмі мен азаматтығын қалыптастырудағы ролі» дөңгелек үстелі .

17.01.2017 жылы сағат:09.00 – де Облыстық білім басқармасының жоспарына сай   БҚО Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинеті, БҚО әкімдігінің балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастырумен «Білім беру ұйымы мұражайлары мен өлкетану қызметінің оқушылардың патриотизмі мен азаматтығын қалыптастырудағы ролі» дөңгедек үстелі  өткізілді.

Облыс көлемінде өлкетану қызметін белсендіру, қосымша білім беру педагогтарының үйірме жұмыстары қызметін жетілдіру мақсатында аудан қосымша білім беру педагогтары өлкетану жетекшілері және мектеп музей жетекшілеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Читать полностью

   

Страница 1 из 2

<< Начало < Предыдущая 1 2 Следующая > Последняя >>
joomla template